Туған елге тағзым

Макин орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Туған елге тағзым» атты аймақтық семинар болып өтті.

Ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, өз елін сүю, туған жеріне деген мақтаныш сезімін нығайту.
Семинарға облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік бөлімінің әдіскерлері С.Төлемісова, Б.Биғожина, аудандық білім бөлімінің бөлім меңгерушісі Р.Есімсейітова, Біржан сал, Бұланды, Бурабай аудандары білім беру мекемелеріндегі патриоттық клубтардың ұйымдастырушылары және жасөспірімдерді осы тәрбиеге баулып жүрген бірқатар ұстаздар қауымы қатысты.
Семинар аудандық туристік экспедиция мүшелерінің және Макин орта мектебі оқушыларының концерттік бағдарламасымен ашылды. Оқушылар мен ата-аналар арасында «Отан неден бас-
талады?», «Ұлтжанды, елжанды ұрпақ тәрбиелеудегі отбасының үлгісі», «Қазақстан – сүйікті елім, Қазақстан – менің Отаным» тақырыптарында виктариналар мен тренингтер өткізілді. Теориялық бөлімде «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізінде оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу», «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы», «Оқу-тәрбие жұмыстарында оқушылардың шығармашылық дарындылық қабілеттерін шыңдау», «Отбасы – бақыт мекені», «Білім бастауы – тәрбие» тақырыптарында баяндамалар оқылды.
Игілікті шарада оқушылардың өз қолымен жасалған ұлттық нақыштағы бұйымдар таратылып, киіз үй құрылды, сырмақ, түскиіз, құрақ көрпе, сандық, бесік, ішік, күбі секілді ұлттық қолөнер
туындылары көрмеге қойылды. Макинка ауылының 145 жылдығына арналған көрмеде ауылдың тарихы туралы қызықты мәліметтер берілді. Сонымен қатар, жиналған қауымға мектептердің, ондағы патриоттық клубтар мен үйірмелердің мұражай жұмыстары ұсынылды. Жалпы, семинар барысында балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының басты міндеттері, қоғамдық бірлестіктер мен білім беру мекемелерінің интеграциясы, тәрбие мәселелерінің мониторингін құру және қолдау, тәрбие жұмысының тиімділігін бағалау, балалар-жасөспірімдер ұйымдарының жарғылық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру, тәрбие жұмысына әдістемелік инновацияларды енгізу туралы мәселелер қаралды.
Аталмыш семинарды жоғары деңгейде өткізгені үшін Макин орта мектебінің ұжымына білім басқармасының атынан Алғыс хат тапсырылды.
Мәнсия ӘБЖАНОВА,
Макин орта мектебінің мұғалімі.
Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар