Мемлекет тарапынан елде төтенше жағдай жариялануына және індеттің қаупі жоғары болуына байланысты ҚМДБ ғұламалар кеңесінің ПӘТУАСЫ

• Мешіттерде жұма намазы уақытша оқылмайды. Әркім өз үйінде жұма намаздың орнына бесін намазын өтейді.
• Мешіттер жабылмайды, бес уақыт намазға азан шақырылады, алайда бес уақыт намаз мешітте жамағатпен оқылмайды.
• Мешіт жанындағы асханаларда өтетін құдайы ас, садақалар (жетісі, қырқы, жылы, т.б. дәстүрлі кәделер) уақытша тоқтатылады.
• Жаназа намазын тек жақын туыстарымен, яғни, аз топпен өткізген дұрыс. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қауымын сабыр сақтауға, орынсыз үрейленбеуге, халықты дүрліктірмеуге және Алла тағалаға дұға етуге шақырады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар