Аудан әкімі волонтерлермен кездесті

Зеренді ауданының әкiмi Бауыржан Ғайса Шағалалы жоғары агротехникалық колледжiнде волонтерлермен кездесу өткiздi.

Ерiктiлiк – қоғамды дамытудың қуатты ресурсы, қайта құрушы күшi. Бұл әсiресе, жастардың өз қажеттілігін сезiнуi үшін маңызды.
Аудан әкiмi игi iстерге дайын жастарға қоғамдық қызметi үшiн алғысын бiлдiрiп, Волонтер жылы олардың қатары бiрнеше есе көп болатынына сенiм бiлдiрдi, сондай-ақ, қатысушылар қойған сұрақтарға жауап бердi және оларды тығыз ынтымақтастыққа шақырды.
Кездесу барысында Бауыржан Ғайса жоғары агротехникалық колледж директорының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары Арман Оспановқа Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың Алғыс хатын табыс еттi. Себебі, Арман Дәулетханұлының бастамасы бойынша жыл сайын «Балаларға қуаныш сыйла!» акциясы өткiзiлiп тұрады. Бүгінде колледж оқытушылары, студенттерi мен қызметкерлерi Көкшетау қаласындағы қан орталығының да донорлары болып табылады.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар