Көкшетауда ТЖ кезінде 90 адамға шара өткізген мейрамханасы иесі жазаланды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау қаласының прокуратурасы Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығымен бекітілген шаралар мен уақытша шектеулерді жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мобильдік топ құрылды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мобильдік топ құрамында прокурорлармен бірге, полиция, денсаулық сақтау, санитарлық қызмет және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлері бар.

Рейд барысында ағымдағы жылдың 25-ші наурызында сағат 21:00 шамасында Әуезов көшесі 185 «Б» мекенжайы бойынша орналасқан «Smokings» кальян қызметінің жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен мекеме иесі ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, оған 5 тәулік мерзімге қамауға алу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, 90-ға жуық адамға шара өткізген «Түркістан» мейрамханасының меншік иесіне қатысты материал қаралды. Кәсіпкердің жасын (73) және кінәсін мойындауын ескере отырып, сот оған 10 АЕК мөлшерінде (26 510 теңге) айыппұл тағайындады.

Айта кетейік, төтенше жағдайды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік (ӘҚБтК – нің 476-бабы – 10 АЕК немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу), төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілік (ҚК-нің 379-бабы – 2 мың АЕК-тен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру), құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік (ӘҚБтК-нің 667-бабы – 40 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу) қарастырылған.

Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын (ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі – 500 АЕК-ке дейін айыппұл), санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормаларды (ӘҚБтК-нің 425-бабы – 5 млн теңгеге дейін айыппұл) бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген. Бұл ретте, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қызметін тоқтата тұру түріндегі жаза қолданылуы мүмкін.

Егер мұндай әрекеттер абайсызда адамдардың жаппай жұқтыруына немесе адам өліміне әкеп соқса, онда қылмыстық жауапкершілік туындайды (ҚК-нің 304-бабы – 2 мың АЕК айыппұлдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру).

Прокурорлар шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратпауға және арандатушылыққа берілмеуге шақырады. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген (ҚК-нің 274-бабы – 5 мың АЕК айыппұлдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру) еске салады.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/kokshetauda-tzh-kezinde-90-adamga-shara-otkizgen-meyramhanasy-iesi-zhazalandy_a3630104

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар