Атаулы əлеуметтік көмек онлайн режимінде тағайындалады

Қауіпті індеттің таралып кетуіне жол бермеудің бір жолы – адамдарды көпшілік жиналатын жерлерде шоғырландырмау. Сол үшін əкімдіктер мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында атаулы əлеуметтік көмек онлайн режимінде тағайындалатын болды.

Жəрдемақы бірінші кезекте отбасының құрамы, тұратын мекенжайы мен табыс деңгейі өзгермеген отбасыларға тағайындалады. Əлеуметтік көмек қайта тағайындалуы үшін мәліметтер тексеріледі, яғни, тұратын мекенжайы бойынша тіркеу (тіркелім), жылжымайтын мүлік, көліктің бар болуы, табысы және тағы басқа мәліметтер есепке алынады. Отбасы құрамы өзгермеген жағдайда өтініштер қолда бар мәліметтер негізінде қабылданады. Барлық ақпарат пен хабарламалар электронды пошта немесе мессенджерлер арқылы жіберіледі.
Айта кетейік, Ақмола облысында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 8348 көп балалы отбасы ішінен АƏК алушылар саны 663 болды.
Осындай жолмен шартсыз ақшалай көмекті тағайындау да қарастырылған. 2020 жылдың бірінші тоқсаны үшін жалақылар бойынша түсулерді тексеру де электронды пошта мен мессенд-жерлер көмегімен жүзеге асырылады. Əлеуметтік көмекті алушының мәртебесі өзгермеген болса, жеке жоспарда 2020 жылдың бірінші тоқсанына ұқсас шаралар көрсетіледі. Барлық хабарламалар да электронды түрде жіберіледі.
Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айында 1,5 миллион қазақстандық көп балалы болуы бойынша жәрдемақыны онлайн режимінде алды.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар