Коронавирус жұқпасына қарсы шаралар пысықталды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласында коронавирус жұқпасының таралуының алдын алу

жəне санитарлық – эпидемологиялық жағдайды тұрақты ұстап тұру, көктемгі су тасқынына дайындық бойынша қолға алынған шаралармен танысты, сондай – ақ, алдағы күзде өтетін Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығы форумы үшін облыс орталығында салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысы мен көшелерді жөндеу жұмыстарына назар аударды.

Бүкіл дүниежүзі елдеріне тараған індетпен күресу үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен елімізде төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. Осыған орай, барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларда коронавирус жұқпасының таралуының алдын алу жəне күресу бойынша шұғыл шаралары қолға алынуда. Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин енгізілген. Біздің облысымызда да карантин енгізіле қалған жағдайда Көкшетау қаласына қатынайтын жолдарда 10 блок-бекет орнату жоспарланып отыр. Соның бірі «Көкшетау-Рузаевка» тас жолы мен Садовый ауылына баратын жолдың қиылысар тұсында орнатылмақшы. Облыс басшысы осы жерде құзырлы мемлекеттік органдардың тактикалық іс-қимылын пысықтады.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзиннің айтуынша, облысымызда карантин енгізілген жағдайда елорданың айналасында жұмыс істеп тұрған 15 блок-бекетті есептемегенде Көкшетау қаласының шекарасына барлығы 12 блок-бекет орнату жоспарланып отыр. Оның станионарлықта, екеуі жылжымалы, яғни, айналма жолдар мен дала жолдарына арналған.

– Бұл блок-бекеттерде полиция қызметкерлері, әскерилер, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандарынан құралған 12 адам кезекшілікте болады. Олардың жұмыс істеуіне қажетті барлық мүмкіндіктер қарастырылған, – деді Арманбек Баймурзин.

Осы жерде облыс басшысы өңірде жүргізіліп жатқан коронавирус жұқпасының таралуының алдын алу шаралары мен санитарлық – эпидемологиялық жағдай туралы сұрап білді.

– Төтенше жағдайға байланысты облыс тұрғындары көтеріп отырған мәселелердің бірі – маска тапшылығы. Бұл мәселені біртіндеп шешілуде. Жалпы, төтенше жағдай кезінде қажетті заттарды өзімізде шығара бастадық. Бұл әрине, маңызды, – деді Ермек Маржықпаев.

Сонымен қатар, облыс әкімі Көкшетау қаласындағы тұрғын үйледің кіре берісі мен көшелер, тратуарлар және аялдамаларды дизенфекициялау жұмыстарын толық көлемде жүргізуді талап етті.

Бұдан әрі облыс әкімі Краснояр кентінің Шағалалы өзені бойында орналасқан тұрғын үйлерді судан қорғау үшін салынған топырақ бөгеттерді нығайту жұмыстарына назар аударды.

Соңғы бірер аптада елімізді дендеген коронавирус жұқпасы кедергі келтірмесе, алдағы күзде облыс орталығында Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығы форумын өткізу жоспарланған. Осыған байланысты қалада дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Қалада тұрғын үй құрылысы қарқын алып, көшелер мен көпірлер жаппай жөнделуде. Соның бірі – Қопа көлінің жағасында іргесі қаланып жатқан жаңа «Воскресения Христова» кафедралды соборының құрылысы мен Назарбаев даңғылының Абылай хан даңғылымен қиылысар тұсынан бастап, Сүлейменов көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жұмыстары дер едік. Бұл нысандардың құрылысы форум басталғанша міндетті түрде аяқталуы тиіс.

«Новый собор» қоғамдық қорының төрағасы Александр Мартыненконың айтуынша, қазіргі кезде ғимараттың еден астының жылу құбырлары тартылып, үсті бетондалып, плитка төселді. Қабырғаларының ішкі жақтарын әрлеу жұмыстары аяқталып, суретшілер безендіру жұмыстарына кіріскен. Күн жылынған соң сыртқы құрылысшылар қалған сыртқы құрылыс жұмыстарына кірісетін болады.

Ал, Назарбаев даңғылында жүргізіліп жатқан жұмыстарға келетін болсақ, Қылшақты өзені арқылы өтетін көпір мен көше жаңартылуда. Облыс әкімі мердігерлер мен қала басшылығына жаз ортасына дейін жол мен көпір құрылысындағы негізгі жұмыстарды аяқтау қажеттігін айтты.

Форумның басты нысаны – «Болашақ сарайы» құрылысы да жоғары қарқынмен жүргізілуде. Балалар мен жасөспірімдерге арналған нысан екі бөліктен тұрады. Қазір қос нысанның екінші қабатының қабырғалары тұрғызылған. Құрылыс жұмыстарын «БиоГрупп» серіктестігі қолға алып отыр.

Облыс басшысы Ермек Маржықпаев жұмысты ширатып, белгіленген кестеге сай орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Аслан ОСПАНОВ,

«Арқа ажары»,

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар