Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың коронавирус инфекциясына қатысты қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты облыс тұрғындарына

Коронавирус инфекциясына байланысты жағдайдың күн сайын қиындап бара жатқанын өздеріңіз көріп отырсыздар.

Бүгінгі таңда, елімізде коронавирустың 288 тіркелген оқиғасы расталды, оның ішінде біздің облысымызда – 11 тіркелген ауру расталып отыр.

Осыған байланысты, 31 наурыз күнгі сағат 17.00-ден бастап Ақмола облысының аумағында уақытша сипаттағы карантиндік шектеу шаралары енгізіледі.

Елорда маңы, атап айтқанда облыс аумағына инфекция таратудың ошағы болып табылатын Целиноград ауданы ерекше алаңдатушылық туғызуда.

Осы кезеңде Ақмола облысының аумағына транзиттік жүк автокөлігін, сондай-ақ азық-түлік тауарларымен, дәрілік заттарымен және медициналық бұйымдарымен, өндірістік тауарларымен, сонымен қатар, облыстың өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тиелген жүк автокөліктерін қоспағанда, барлық автокөлік құралдарының кіруіне және шығуына тыйым салынады.

Шектеу шаралары уақытында өз қызметін тоқтатады: ішінде азық-түлік дүкендері мен дәріханалары барларды қоспағанда, ірі сауда орталықтары, саябақтар, монша кешендері, санаториялық-курорттық объектілер, сұлулық салондары, шаштараздар, азық-түлік, автомобиль, тұрмыстық заттар мен құрылыс базарлары, сондай-ақ адамдар көп жиналатын басқа да объектілер.

Азаматтар үй-жайларына келмейтін, тапсырыстарды шығару мен жеткізу бойынша тәулік бойғы режимде қызмет көрсететін объектілерді қоспағанда, қоғамдық тамақтанудың объектілері жұмысын тоқтатады.

Дәріханалар мен дәріхана дүңгіршектері жұмысын штаттық режимде жалғастырады.

Облыс тұрғындарына өте қажет жағдай болмаса, үйлерінен шығу шектеледі, маска мен біржолғы қолғап киіп, қолдарын антисептикпен жуып отыруы тиіс. 65 жастан асқан азаматтар өзін-өзі оқшаулау арқылы режимді сақтасын.  

Жалпы, облыста тиісті қызметтердің карантин режимін енгізу үшін дайындығы қамтамасыз етілді.

1500 адамға дейінгі санымен аумақтық қорғаныс әскерлерінің бөлімшелерін арнайы шоғырландыру мүмкіндігі дайындалды (әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақырту).

Жергілікті атқарушы органдардың, аумақтық қорғаныс бригадасының және жергілікті әскери басқару органдарының әскери міндеттілерді шақыруға дайындығы қамтамасыз етілді.

Облыс шекарасына кіреберіс жолдарда 8 блок-пост, ал облыс орталығының шекарасына 12 блок-пост орнату жоспарлануда.

Криминогендік және қоғамдық-саяси жағдай күрделенген жағдайға арнайы жедел жоспарлар, сондай-ақ полиция департаментінің жиынтық жасағы мен Ұлттық ұланның 5510 ә/б әскери қызметшілері дайындыққа келтірілді. Әрине, осы шаралардың барлығы танымал емес, олар кейбір жағдайда азаматтарымыздың құқықтарын шектейтіні сөзсіз, алайда қазіргі аурудың қамту көлемінің жылдам таралуы жағдайында ол маңызды және қажетті, себебі бұл коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеуге және облыс тұрғындарының денсаулығын сақтауға бағытталған.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар