Науқанға алаңсыз кірісеміз

Жері құнарлы «Даниловское и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жыл сайын дерлік дәнді дақылдардан айтақаларлықтай өнім жинап келеді. Биылғы ылғалдың молдығы ырыздық қамбасының берекесін молайтады деген ойдамыз. Бұған алдынала дайындалған жер өңдеу жұмыстары, тұқым қоры, техникамыздың дайындығы кепіл болатындай. Әйткенмен, әлемді тітіркендіріп отырған короновирус пандемиясы жұмыс жоспарымызға біршама өзгеріс әкелетіндігін көрсетуде. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, дәл осы шешуші сәтте, ел тұрғындарына арнаған Мәлімдемесі алаң көңілімізді желпінтіп тастады.

Бүгінгі жұмыс күніміз осы маңызды құжатты талқылаудан басталды. Диқандар қауымы ғана емес, ауылымыздың барлық тұрғыны Мәлімдеменің өн бойындағы нақты қамқорлық пен көмек-қолдау шараларына ризашылық білдіруде. Әсіресе, диқандар дидарындағы қуаныш нұрын бөлектеп айтқым келеді. Президенттің: «Көктемгі егіс науқаны үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлуді тапсырамын» деген нұсқауы аса маңызды шешім. Өйткені, солтүстік өңір өзінің ең басты науқанын тәуекелдікпен бастайтыны жасырын емес. Бұған қаржының тапшылығы, несиелік сарсаң, жанар-жағар майдың уақытылы жеткізілмеуі негіз болады. Мемлекет басшысының Мәлімдемесі алаңдамай алға басуымызға мүмкіндік береді. Қазіргі күні, жылдағы 10 мың гектармен шектелмей, егістік көлемін арттырсақ, танаптарды әртараптандырсақ деген жықсы ой да мазалай бастады.

Біздің ауылдық округімізде бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істеуде. Бұл жақсы, себебі диқандық кәсіптің өрісі кеңейеді, көп мағынадағы әріптестік жанданады. Мәлімдемеде ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге де қолдау көрсетілетіні, бұл мақсатта бюджеттен 70 миллиард теңге қаржы бөлінетіні ауылдағы еңбек құлшынысын арттаратыны сөзсіз. Науқан қарсаңында Үкіметке жанармайдың нарықтық бағасын он бес пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендеті жүктелгені шаруаның мойнындағы салмақты жеңілдетіп, өінің басты міндетімен айналысуына мүмкіндік береді.

Президент Мәлімдемесінің ауқымы кең, қамқорлықтан ешкім де шет қалмайды.  Еңбастысы, мұның барлығы коронавирус індетінің залалын тезірек жоюға әсер ететініне сенеміз.

Айбат Есентұров,

         «Даниловское и К» ЖШС бас директоры,

Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар