ҚР Бас санитарлық дәрігері: Коронавирустан қайтыс болғандармен қоштасуға 30 минут уақыт беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу алгоритмі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жаңа қаулысында тапсырма берді.

«Алгоритмге сәйкес, мәйітті туыстарына беруге болмайды. Жақын туыстарға ғана 3 метр қашықтықта қоштасуға 30 минут уақыт беріледі. Жерлеу рәсіміне бір ғана діни қызметкер қатысады», – деді бас санитарлық дәрігер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның айтуынша, жерлеу рәсімі санитарлық-эпидемиялық қызметтің қызметкердің бақылауымен және жергілікті атқарушы органның қатысуымен өтеді және эпидемияға қарсы барлық шаралар қатаң сақталады.

Еске сала кетсек, аталған қаулының қосымшасына сәйкес, COVID-19-ға күдікті адам қайтыс болғанда эпидемиологиялық тексеру және осы жағдайға байланысты басқа да іс-шаралар эпидемияға қарсы режім талаптарын сақтай отырып тез арада жүргізіледі.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/kr-bas-sanitarlyk-darigeri-koronavirustan-kaytys-bolgandarmen-koshtasuga-30-minut-uakyt-beriledi_a3632273

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар