Біле отырыңыз!

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы» Жарлығын іске асырудың негізгі қағидалары

Ақпараттық жұмыста пайдалануға арналған негізгі месседждер.
1. 2020 жылғы 2 сәуірде Президент № 296 «Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды.
Бұл шара карантин жағдайында қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Төтенше жағдай режимін ұстап тұруда мемлекетке жәрдемдесу үшін қажет.
Осылайша ел басшылығы елдің қалыпты өмірге келуі үшін барлық ресурстарды пайдалануда.
Арнаулы жиындар – жұмылдыру емес. Мұндай жиындар – жыл сайын әрбір өңірде өткізілетін жалпы қабылданған тәжірибе.
Қазіргі сәтте Жарлықты қабылдау оның ішінде жастардың көптеген бастамаларымен де байланысты.
Қазақстандық жастар – патриоттар. Өз күш-жігерін іске асыру және Отаны мен халқына көмек көрсету үшін ТЖ кезеңінде қоғам қорғаушыларының қатарына қосылуға ұсыныстар мен тілектер келіп түсуде.
2. Жарлыққа сәйкес әскери міндетті қазақстандықтарды медициналық қызмет атқаруға, оның ішінде дезинфекциялау жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуге тартатын болады.
Сондай-ақ, жекелеген өңірлерде жиындарға шақырылған азаматтар тасқынмен күреске, елді мекендерде және бекеттерде құқықтық тәртіпті күзетуге жәрдем көрсететін болады.
3. Шақыруды жергілікті атқарушы органдар жергілікті әскери комиссариаттар арқылы жүргізеді. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша әскери есепте тұрған азаматтарға шақыру қағаздары мен СМС хабарламалар таратылады.
Шақыру бір мезетте емес, кезең-кезеңмен, адам ресурстарына деген қажеттіліктерге байланысты жүзеге асырылатын болады.
Әрбір өңірдегі әскерге шақырылушылардың саны Қарулы Күштердің бос ресурстарына байланысты болады. Тұрақты әскери бөлімдер орналасқан жерде жиындар мүлдем өтпеуі мүмкін. Қарулы Күштердің ресурстары ТЖ және карантин режимін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз өңірлерде жиындарға шақырылған ресурстар пайдаланылатын болады.
4. Жиындарда болу мерзімдері туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар (облыстардың, қалалардың әкімдері) қабылдайтын болады.
Олар ең көп дегенде 3 айға дейін ұзартылуы мүмкін. Ең азы – 10 күнге дейін. Барлығы әкімнің шешіміне байланысты болады.
Ең алдымен шақыруға елге өз бетінше көмектесуге және қиын жағдайда қоғамды қолдауға өз күш-жігерін жұмсауға ниет білдірген адамдарды тартатын болады.
Сондай-ақ, нақты өңірлерде талап етілген мамандарға да назар аударылатын болады.
Қорғаныс министрлігі әскери комиссариаттарға, ең алдымен жас және созылмалы аурулары жоқ еріктілер арасында шақыру жүргізуді ұсынады.
5. Заңға сәйкес жиындарға шақырылғандарға әскери қызметшілердің барлық жеңілдіктері қолданылады: тамақтану, медициналық қамтамасыз ету, киім-кешекпен, инвентармен жабдықтау, тасымалдау.
Шақырылғандар тек тұрғылықты жері бойынша қызмет өткеретін болады. Жиындарға тартылған азаматтар басқа өңірлерге жіберілмейді. Жиынға шақырылғандар күндіз қызмет орындарында болып, кешке үйге қайтатын болады. Жиынға қатысушылар сондай-ақ жалақы алатын болады. Жиындарға шақырылған барлық жұмыс істейтін азаматтарға олардың жұмыс орны бойынша орташа айлық жалақы төленетін болады. Жұмыс орны жиындарға қатысудың барлық мерзіміне сақталады. Жиынға қатысушы жұмыс істемейтін азаматтарға да ең төменгі жалақы төленетін болады.
6. Шақыру икемді және шектеулі сипатта болады.
Бұл азаматтар үшін қатты қолайсыздық туғызбайды. Денсаулық сақтаудың барлық шаралары қамтамасыз етілетін болады.
Шақыру әр өңірдің қажеттілігіне қарай ғана шағын топтармен өтеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар