Ақмола облысында төтенше жағдай режимін бұзғандар 7 тәулікке қамалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында төтенше жағдай режимін бұзғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы сәуірдің 4-де Целиноград ауданының екі тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласындағы карантиндік бақылау нысанынан заңсыз өтпек болған. Тәртіп сақшылар ұсталған адамдардың үстінен ҚР ӘҚбК 476 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

«Целиноград аудандық сотының қаулысымен заң бұзушылар 5 тәулікке қамалды», – дейді ведомстводан.

Ақмола полицейлері карантин аймағындағы елді мекен тұрғындарын белгіленген карантин режимі ережесін бұзбауға, тәртіп сақшыларының заңды талабына қарсылық көрсетпеуге және тұрғындардың денсаулығына қауіпке тудырмауға шақырады.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/akmola-oblysynda-totenshe-zhagday-rezhimin-buzgandar-7-taulikke-kamaldy_a3633986

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар