Ілтипат

Өз істерінің шеберлері

Осы айдың басында ойламаған жерден, қатты уланудан кейін мені бұрынғы облыстық арнайы емхананың медициналық персоналы жолдамамен Көкшетау қалалық ауруханасының гастроэнтерологиялық бөлімшесіне емделуге жіберді. «Театр киім ілгіштен басталады» деген белгілі қағида бар. Ал, медициналық мекеме қабылдау бөлмесінен басталатындығы тағы белгілі. Міне, мен үшін спектакль осы арадан басталды.

Бұл жерде мен үш сағат отырдым. Кәдімгі жұмыс күні менің алдымнан оннан астам адам өтті. Бұл да ең бастысы емес, мені таңырқатқан жағдай осы бөлімшенің аға қызметкерінің дөрекілігі. Оны Гуля деп атайтынын білдім. Келушілердің бірі қарт адам еді. Сонау 1956 жылғы Венгрияда болған оқиғалардың қатысушысы. Менің байқауымша, контузия алған адам. Қабылдау бөлмесіндегі қызметкер сол адаммен өзін дөрекі ұстады. Әңгімеге мен араластым. Аты-жөнімді атап, өзімнің де әскери адам екендігімді айттым. Қарт адамның проблемасын түсініп, не істеу керектігін ұғындырдым. Ол риза болып кетті. Бастапқы қызметкерді енді Инна есімді қызметкер алмастырды. Содан бастап барлығы қалыпты жағдайда өрбіді.
Түрлі процедураларды орындаған соң мені ақыр аяғында гастроэнтерологиялық бөлімшеге әкеліп салды. Кереуеттік орынға тапшылық болғанына қарамастан, палата тауып берді. Он минуттан кейін мен капельницада жаттым. Алғашқы минуттан Әсет Есләмбекұлы Бектасов басқаратын өте ұйымшыл ұжымға түскенімді сездім. Жастығына қарамастан, өте сарабдал осы жігіт менің емдеуші дәрігерім болды. Оның барында бөлімше жұмысы бір ырғақпен өрбіп отырды. Ауыр науқастардың да қатары аз болмағанымен, емдеуші дәрігерім бәріне де уақыт таба білді.
Мұндағы ағымдағы жұмысқа аға медбике Гүлжан Нұрсалықова жетекшілік етеді. Мерекелік күндердің өзінде ол өз әріптестерінің жұмысын тиянақты қадағалап отырды. Мен өзім бөлімшедегі Бақыт Қабдырахманова, Ләззат Ахмедиярова, Алтын Бекенова, Күлейхан Хасенова сияқты тәжірибелі мамандардың бәрін өз ісінің нағыз білгірлері деп айтар едім. Олар бірін-бірі кез-келген жұмыс учаскелерінде алмастыра алады. Жастықтарына қарамастан, процедуралық кабинеттегі жұмысты да жоғары деңгейде атқарады. Әсіресе, капельницаны қойғанда тамырды дәл табуды, әлсін-әлсін келіп, бақылап отыруды, бәрін ескереді. Зоя Кочетыгова, Азамат Жақсылықов, Ернар Құлышев, міне, осылай өз міндеттеріне жете берілген жандар.
Бұл бөлімшеде тазалық та өте жоғары дәрежеде. Күндіз-түні бес рет Назира Шаяхметова, Қарлығаш Махамбет, Алтынай Аят, Бекжан Айзақов, тағы басқа санитарлар тазалыққа мүлтіксіз қарайды. Олар күн сайын палаталарды кварцпен өңдеуді де ұмытпайды. Раушан Ғабдулахитова және Гуля Шаяхметова тарататын дәмді ас та науқастар көңілінен шығып жатады.
Менің емім оңай соқпай, күрделі өткеніне қарамастан, бөлімшеден емделіп шығатын күн де келіп жетті. Рас, негізгі анализім әлі келіп үлгерген жоқ. Сонда да Ә.Е.Бектасов пен оның қызметкерлеріне шын жүректен ризамын. Сапалы емдері, барлық науқастарға жан-жақты қамқорлықтары үшін алғыстан басқа айтарым жоқ. Әрі қарай да бөлімше, аурухана абыройын осылай жоғары ұстаңыздар. Менімен бірге емделгендердің бәрінің де сіздерге ризашылықтары шексіз!
Николай ИВАНОВ,
емделуші, КСРО Қарулы Күштерінің, ДОСААФ – «Отан» ұйымдарының ардагері, отставкадағы полковник.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар