Төтенше жағдай талаптары ескерілсін

Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде биылғы жылдың алғашқы тоқсанының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және қазіргі төтенше жағдайға байланысты халыққа қызмет көрсетудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көктемгу су тасқыны кезінде зардаптарға жол бермеу мәселелері қаралды.

Аймақ басшысы бірінші кезекте жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бо-йынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуына назар аударды. Экономика секторларындағы өнім өндіру индекстерінің өсімі бойынша есеп пен бюджет қаржысын игеру жөніндегі хабарлама тыңдалды.
Коронавирус пандемиясымен қалыптасқан жағдай ескеріле отырып, ақмолалық оқушылардың бір бөлігі төртінші тоқсанның оқуын қашықтық режимінде бастады. Білім басқармасына бейне сабақтарды көрсету кезіндегі жол берілген қателерді анықтау және түзету, оқушылардың материалды игеруі, педагогтар жұмысындағы ұйымдастыру мәселелерін шешу мақсатында жаңа төртінші тоқсанның алғашқы жұмыс
күніне мониторинг жүргізу тапсырылды.
Облыс әкімі 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемдерді төлеу мәселелеріне ерекше тоқталды. Осы орайда, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат басқармаларына осы төлемақыларды алушылар арасында неғұрлым кең ақпараттық жұмыс жүргізуді тапсырды. Сонымен бірге, банк саласының өкілдеріне екінші деңгейдегі банктерде есеп шоттар ашу барысында ақмолалықтардың денсаулығының қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі ескертілді.
Өңір басшысы аймақтың азық-түлік қауіпсіздігіне жеке мән берді. Ауыл шаруашылығы басқармасына облыс орталығының сөрелеріне қара мал етін жеткізуді үйлестіру міндеті қойылды. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі белгілеген шектеулі бағаларды есепке ала отырып, азық-түлік тауарларының негізгі тобына бағаның өсуіне мониторинг жүргізу жүктелді. Осы мақсатта бағаның өсуін анықтау жөнінде рейдтер өткізу және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында қамту тапсырылды.
Ермек Маржықпаев кеңес соңында облыс-
та көктемгі су тасқынының алдын алу жөнінде төтенше жағдайлар департаментінің бастығы А.Советовтың баяндамасын тыңдады. Сөйтіп, Шағалалы су қоймасынан су деңгейін біртіндеп түсіру және аталған мәселелерді ерекше бақылауда ұстау міндетін қойды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар