Өзімізге және жақындарымызға жауапты болайық

Геннадий ОСИНЕНКО, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты.

Қазіргі болып жатқан күрделі жағдайға байланысты Елбасы  қазақстандықтарды   ынтымақ пен бірлікке шақырды. Әлемді жаулап үлгеріп, көпшіліктің үрейін туғызған коронавирус пандемиясын жеңу үшін күш біріктіруіміз қажет.

 Нұрсұлтан Әбішұлы қазіргіден дағдарыс кезінде отандастарымызға сабырлы, батыл болуға кеңес беріп, біз алмайтын қамал жоқ екенін, бірлік пен келісім – тәуелсіздік жылдары еліміз қол жеткізген жетістіктердің қайнар көзі екенін аңғартты.

Бүгінгі таңда жаһанды шарлаған қауіп-қатер бізді де айналып өткен жоқ. Осы сын сәтте әрбіреуіміз туыстарымыздың, барша халқымыздың алдындағы жауапкершілікті терең сезінуіміз қажет. Біз бір-бірімізге жақын  болғанымыз жөн, Елбасымыз да өз мақаласында бізден осыны өтініп отыр.

Бұл үшін біз дәрігерлер айтқан тәртіпті сақтап, олардың кеңесіне құлақ салғанымыз абзал. Тұрғылықты жеріміз, үй-жайымыз, жүрген жеріміз әрі таза, әрі ұқыпты болуы керек. Отбасымыздың, күллі адамзаттың алдындағы жауапкершіліктің кілті тазалық  пен тәртіпте екенін ұмытпайық, ағайын!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар