Жаны жабырқағанға жанашыр болды

«Нұр Отан» партиясына көмек сұрап келетіндер көп. Осындай жанның бірі – Көкшетау қаласының тұрғыны Марат Құрманбеков жақында партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына келіп, «Кедергісіз келешек» партия жобасына орай  мүгедек қызына көмек сұраған еді.

  Кездесу кезінде құзырлы органдар өкілдері қызын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған азаматқа барлық мемлекеттік жеңілдіктер жайлы жан-жақты мағлұмат берді. Мысалы, қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес  мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларына  мемлекеттік тұрғын үй қорынан  пәтер алуға болады делінген. Сөйтіп, қоғамдық қабылдау барысында өтініш иесіне  тұрғын үй   кезегіне тұру үшін қандай құжаттар тапсыру керектігі түсіндірілді. Ал, бүгінгі таңда  Марат Құрманбеков өз қызымен тұрғын үй алу кезегіне қойылды.
Сонымен бірге, қызы қоғамдық көлікте жеңілдікпен тегін жүруі үшін жолаушылар тасымалы қауымдастығына барып, жақын арада тегін жүру билеті берілетін болды.
Жаны жабырқаған жанға  ортопедиялық аяқ киім мен шипажайлық емделуі мақсатында  Көкшетау қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қажетті құжаттар тапсырғаннан кейін арнайы аяқ киім кезек негізінде берілетіні шешілді. Ал, қазір әкесі екеуі «Алмаз» шипажайында ем алу мүмкіндігіне ие болды.
Міне, бір мұқтаж жан «Нұр Отан» партиясының тақырыптық қабылдауында болып, көп нәрсеге қанықты. Жеңілдікпен үй алу, емделу және басқа да жәрдемдерге қол жеткізе алатынын біліп қайтты. Себебі, «Кедергісіз келешек» бағдарламасы  мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасап, олардың тұрақты жұмысқа орналасуы, құқықтық кеңістікті қалыптастыру арқылы кедергісіз орта жасауға бағытталады. Ең бастысы, мүгедек жандарға өз құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар