Тұрғындармен тікелей байланысқа шықты

«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы өңірімізде коронавирусқа байланысты жарияланған карантин кезінде тұрғындардың көкейінде туындаған сауалдарға жауап беру үшін арнайы тікелей эфир ұйымдастырды.

Осылайша партия филиалының фейсбук және инстаграм әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында халыққа мемлекет пен облыстық әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан көмек пен партияның «Біз біргеміз!» акциясы туралы толыққанды ақпарат берілді. Тікелей эфирді 650-ден астам адам көріп, тұрғындар тарапынан 400-ден астам сұрақ жолданды. Бұл сауалдардың бәрі назарға алынып, басым көпшілігіне нақты жауап берілді. Әсіресе, мемлекет тағайындаған 42500 теңге жәрдемақыны, коммуналдық қызметті төлеуге бөлінетін 15000 теңге материалдық көмекті алу, тағы басқа да мәселелерге қатысты сұрақтар көп болды. Сонымен қатар, «Birgemiz» қоғамдық қорынан берілетін 50 000 теңге көлеміндегі бір жолғы материалдық көмекке байланысты сұрақтар да көптеп қойылды.
Тікелей эфир барысында «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қойылған әр сауалға нақты жауап беріп, кейбір маңызды сұрақтарды өзінің жеке бақылауына алды. Тұрғындар филиал басшылығына онлайн режимінде өздерін толғандырған сауалдарға жауап алу мүмкіндігі үшін ризашылықтарын білдірді. Олардың арасында жоғарыда аталған әлеуметтік көмекті алып үлгергендер де бар. Көкшетау қаласының тұрғыны Раушан Тұранова «Дети ангелов» қоғамдастығының атынан партияның мүгедек балалар мәселелерімен бірнеше рет айналысқанына алғысын білдірді.
Ақмола облысында ел Президентінің тапсырмасы бойынша белгіленген 42500 теңге жәрдемақыны 132 мыңнан астам тұрғын алып үлгерді. Бұл жәрдемақыны алушылар қатары одан әрі толығуда. Партияның «Біз біргеміз!» акциясының барысында облыс бойынша 4057 отбасы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етілді. Бұл орайда, кәсіпкерлер мен мәслихат депутаттары, ерікті жастар, аудан әкімдіктері, «жасотандықтар» және партия өкілдері айрықша белсенділік танытты. Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қоры арқылы Көкшетау қаласының 2930 тұрғынына
50 000 теңгеден көмек көрсетілді.
Партияның облыстық филиалына 16 наурыздан 25 сәуірге дейін үш мыңға жуық өтініш-тілектер келіп түсті. Оның 80 па-йызы оң шешілді. Әлеуметтік желілердегі партияның қоғамдық қабылдаулары тұрғындардың ұсыныстары мен арыз-шағымдарын әлі де қабылдауда.
Қ.КӘКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар