Сот «онлайн» өтеді

Степногорск. Мемлекет басшысы республикада төтенше жағдай енгізуіне байланысты сот ісі онлайн режимде жұмыс істеуге көшті. Сот төрелігіне қол жеткізу және азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі теңгерімді сақтау жөніндегі шараларды қабылдай отырып, істерді қарау мобильді бейнебайланыс құралдары, WhatsApp, Skype, ZOOM мессенджерлері арқылы электрондық форматта жүргізілуде.
Мәселен, Степногорск қалалық соты төтенше жағдай жарияланған бір айда мобильді бейнеконференция арқылы азаматтық істер бойынша 13 сот отырыс, әкімшілік істер бойынша 202 және қылмыстық істер бойынша 64 отырысын өткізді. Құжат айналымы электрондық форматта жүргізілгендіктен, қағаз тәсілі алынып тасталды. Осы мерзімде, Степногорск қалалық сотына төтенше жағдайдың өткен кезеңінде электронды тәсілмен 48 талап арыз келіп түсті.
Ерейментау. Аудандық сотта мобильді бейнеконференция байланысы арқылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен көзделген қылмыстық іс қаралды. Сондай-ақ, бұл іс сотталушылар А. мен А-ға
қатысты өзара келісім тәртібімен қаралды.
Сотталушы А. және А., он бір бас қой ұрлау арқылы бес жәбірленушіге жалпы сомасы 465000 теңге материалдық залал келтірген. Сотқа дейінгі тергеу сатысында барлық қылмыс көрінісі толық анықталып, ҚР ҚІЖК 616-бабының барлық талаптары орындалды.
Сот үкімімен сотталушы А. және А. ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бақберген Амалбек,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар