Қуанышты жай

Біртіндеп болса да…

Ақмола облысында 4 мамырдан бастап карантиндік жағдайға жаңа жеңілдіктер енгізілді. Тиісті салаларда бірқатар ұйымдардың өз қызметін қайта бастауы санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды қатаң сақтау жағдайында жүзеге асырылып отыр.

«Бүгінгі күннен бастап жұмыс уақытын 17.00 сағатқа дейін шектей отырып, аумағы 500 шаршы метрден аспайтын өнеркәсіп дүкендерінің жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Сондай-ақ, фотосалондар, гүл киоскілері, жылжымайтын мүлікпен жұмыс істейтін компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокат кеңселері, шағын несие ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, валюта айырбастау пункттері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары, зоодүкендер және ауыл шаруашылығы малдары үшін азық сататын нысандар жұмыстарына кірісе алады. Сыйымдылығы 20 адамнан аспайтын қоғамдық моншалар да жұмысын жалғастыратын болады» деп атап көрсетілген облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында.
Сандықтау ауданының Балкашино селосының кәсіпкері Александр Жданов осы жеңілдіктің енгізілуімен бір айдан астам тұрып қалған өз ісін қайта жандандырды. «Менің құрылыс және шаруашылық материалдарын сататын жеке дүкенім бар. Карантин режимі сөз жоқ, менің жеке кәсібімнің жұмысына айтарлықтай кері әсер етті. 23 наурызда дүкен келушілер үшін жабылды. Алайда, біз онлайн режимінде тапсырыстар қабылдауды жалғастыра бердік. Менің үш қызметкерім кірісін жоғалтуына байланысты 42500 теңгенің көлемінде әлеуметтік өтемақы алды. Қазір дүкен клиенттер үшін толық ашылды. Алайда, кейбір талаптарды сақтай отырып жұмыс істеудеміз. Атап айтқанда, бір мезгілде екі адамға ғана қызмет көрсетеміз, дүкен ішінде зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі, маска және қолғап кию талап етіледі» деп өз ойымен бөлісті кәсіпкер.
Жалпы, аймақта қалыпты өмірге оралу сәуір айының соңында басталған еді. Ол кезде тұрғындарға үйдің маңында серуендеуге рұқсат етілген болатын. Облыс орталығының саяжайшыларына қоғамдық көлік бөлініп, шаштараздар, сұлулық салондары, медициналық және стоматологиялық орталықтар, нотариустар, киім-кешекті химиялық жолмен тазалау және кір жуу пунктері өз қызметтерін көрсетуді қайта қолға алды. Азық-түлік, тұрмыстық химия және гигиена құралдарын сататын сауда орындарының жұмыс уақыты ұзартылды.
Өнеркәсіп орындары, құрылыс компаниялары, екінші деңгейдегі банктер және халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін көптеген басқа нысандар жұмыстарына кірісті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар