Абай – 175

«El Jastary» – жүлдегер атанды

Ғұлама, ойшыл, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған ІІІ халықаралық «Жас-Art 2020» театр фестивалінде Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжінің «El Jastary» жастар театры «Спектакль» аталымы бойынша жүлделі екінші орынды иеленді.

Жыл сайын колледж студенттерінің арасында қашықтықтан ұйымдастырылатын халықаралық деңгейдегі аталмыш театр фестивалі биыл 26-29 сәуір аралығында болып өтті.
Фестивальдің басты мақсаты қазақтың өнері мен мәдениетін насихаттап, ұлы ойшылдың шығармашылығын дәріптеп, ұлтымызға халқын Абайша сүюді үйрету, дарынды жастардың шеберлігін шыңдау, әр елдің актерлік мектептерінің дәстүрлерімен танысу болып табылады.
Аталмыш театр фестиваліне Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі, Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжі және бірқатар шетел оқу орындарының студенттері қатысып, өнер додасында бақ сынады. Жеңімпаздар «Абай Құнанбайұлының шығармаларын оқу», «Спектакль» секілді екі аталым бойынша анықталды. Сонымен бірге, актерлік шеберлігімен көзге түскендер «Үздік актриса», «Үздік актер», «Үздік ансамбль» және «Үздік пластикалық шешім» дипломдарымен марапатталды.
Абай Құнанбайұлының «Жастықтың оты қайдасың?» шығармасын ұсынған Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжінің «El Jastary» эксперименталды-лабораториялық жастар театры «Спектакль» аталымы бойынша жүлделі екінші орынды бағындырды. Сондай-ақ, аталмыш жастар театры ұжымы «Үздік ансамбль» дипломын да иеленді.
Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар