Көктемгі егіс – 2020

Іске сәт, диқан! Көктен иіп, жерден берсін!

Бүгінгі таңда облыс бойынша 14,3 мың гектар жерге, оның ішінде зеренділіктер 9,1 мың гектарға, ерейментаулықтар 2,6 мың, бурабайлықтар 1,4 мың, жақсылықтар 1,2 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар сеуіп үлгерді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, егіс алқаптарын әртараптандыру және өнімділігі жоғары дақылдар себу жұмысы жалғасуда. Биыл өңір диқандары 212,1 мың гектар жерге майлы дақылдар егуді межелеген. Бүгінгі күні оның 5,2 мың гектары себілді. Бұл бағытта Зеренді мен Біржан сал аудандары көш бастап келеді. Облыс бо-йынша 47,2 мың гектар алқапқа көпжылдық шөп, 133,4 мың гектар жерге біржылдық шөп егілмекші. Бүгінгі таңда 1,3 мың гектарға көпжылдық шөп, 800 гектарға біржылдық шөп себілді. Бұл жұмысқа алғашқылардың бірі болып Жақсы, Есіл, Ерейментау, Біржан сал аудандары кірісті. Биыл облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері 15,7 мың гектар алқапқа картоп, 3,5 мың гектар жерге көкөніс отырғызуды жоспарлаған болатын. Әзірше 100 гектарға картоп отырғызылды. Бұл жұмыспен бірге ылғал жабу, тұқымды дәрілеу, жанар-жағар май тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Диқандар ауыл шаруашылығы техникасымен, тұқыммен, қаржымен және жанар-жағар маймен толық қамтамасыз етілген. Жұмыс жоспарына сәйкес, облыс бойынша дәнді дақылдар 20-22 жұмыс күнінің ішінде себіледі деп межеленуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар