7 мамыр – Отан қорғаушы күні

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті әскери қызметшілер және облыс тұрғындары!
Сіздерді бүгінгі Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылары күнімен құттықтаймын! Отанды қорғау қай заманда да біздің еліміздің азаматтарының қасиетті борышы болып келді. Тарихта елін, туған жерін қорғаған батырлар туралы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып айтылып келе жатқан аңыздар мен эпостар аз сақталмаған.
Биылғы елімізде орын алып отырған төтенше жағдайлар кезіндегі Отан қорғаушылар күні мерекесін тойлаудың өзіндік ерекшелігі бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери міндетті азаматтар жергілікті аумақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында арнайы жиындарға шақырылды. Адамдардың денсаулығын сақтауға, әлеуметтік қамтылуын қорғауды қамтамасыз етуге медициналық қызметкерлер, құқық қорғау органы мен коммуналдық қызмет өкілдері, еріктілер тартылды.
Бүгін біз еліміздің игілігі үшін қызмет етіп жүрген барлық азаматтарға, әсіресе, Отан алдындағы міндетін орындаудың үлгісі болған Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және түрлі соғыс ошақтарында әскери міндетін атқарғандарға үлкен құрметімізді білдіреміз.
Қазір Отан үшін от кешкен майдангерлердің немерелері мен шөберелері аға ұрпақ өкілдерінің ерлік істерін одан әрі жалғастырып, еліміздің қорғаныш қуатын арттыруға қызмет істеп жүр.
Қазақстандық армия ерік-жігерін, үлгілі тәртібін және басқа да адами жақсы қасиеттерін бойында жинақтаған ержүрек жандарды біріктіріп отыр. Біздің әскеріміз жоғары деңгейдегі дайындығымен, сапалы резервтік құрамымен, әскери білім беретін оқу жүйесімен және мықты материалдық-техникалық базасымен ерекшеленеді.
Қадірлі жерлестер! Баршаңызға мықты денсаулық, ашық аспан және игілік тілеймін! Бүгінгі ерлік пен отансүйгіштіктің мерекесі әрдайым сіздерге бейбітшілік пен қуаныш әкелсін!

Құрметті әскери қызметкерлер мен
Қарулы Күштердің ардагерлері!

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді шын жүректен ержүректілік пен табандылықтың мерекесі – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Осы күні біз өз өмірін Қарулы Күштерге қызмет етуге арнаған, халықтың тыныштығы мен бейбітшілігін қорғаған және қорғап жүрген жандарды құрметтейміз.
Сіздердің әрқайсыңыз өз істеріңізбен ата-бабаларымыз бен біздің Қарулы Күштеріміздің даңқты әскери дәстүрін жалғастырып, Отанға адал қызмет етудің үлгісін көрсетіп келесіздер! Бүгінгідей ерекше күні Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін. Ардагерлеріміздің дені сау болып, солдаттар мен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін!

Әлібек Баймағамбетов,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар