Президенттің Алғысы – ардагерлерге!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 75 жылдық құрметіне бір топ ақмолалық соғыс және тыл ардагерлерін Алғыс хатпен марапаттаған болатын. Кеше облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлерінің үйлеріне барып, Президенттің Алғыс хаттарын ардагерлерге тапсырып, оларға елімізді басқыншы жаудан қорғау жолындағы майдан даласындағы және тылдағы ерліктері үшін ризашылықтарын айтып, сый-құрмет көрсетті.

Ұлы Отан соғысының ардагері Асылбек Жәзиұлы Дәулетов 1941-1945 жылдардағы соғыстың бел ортасында болған қарт жауынгер. Ерлік жолы өнеге боларлық Асылбек Жәзиұлы 37-ші әуе десанты корпусында Отан қорғады. Ұлы Жеңісті Австрия жерінде қарсы алды. Соғыстағы ерліктері үшін Венгрияны азат еткен үшін, Германияны жеңген үшін және екі мәрте «Ерлік» үшін медальдарымен, «Отан соғысы» орденімен марапатталды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев соғыс ардагері және Көкшетау қаласының құрметті азаматы Асылбек Жәзиұлы Дәулетовты келе жатқан Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойымен құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын табыс етті. Қарт майдангер өз кезегінде сый-құрмет көрсеткені үшін ақ алғысын білдірді.
Сол күні облыс әкімі Е.Б. Маржықпаев Көкшетау қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Кондратьевич Горбонос пен соғыс жылдарында тылда еңбек етіп, Ұлы Жеңіске өз үлесін қосқан Шәрия Мұхамеджанқызы Махметоваға да Президенттің Алғыс хаттарын тапсырып, жүрекжарды жылы лебізін білдірді.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар