Ұлы Жеңіс – 75

Атбасар ауданының әкімдігі Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай, өңірдегі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 миллион теңгеден сыйақы берді. Сол бір сұрапыл соғыс жылдары елімізді зұлым жаудан қорғап қалған қарияларға қамқорлық мұнымен шектелмейді. Оларға басқа ұйымдар тарапынан да игі жақсылықтар жасалып, құрмет көрсетілуде.  

–Ауданда осы күні Ұлы Отан соғысының 3 ардагері тұрады. Олардан бөлек, тыл еңбеккерлері, соғысқа қатысқан майдангерлердің жұбайлары және өзге де осы санаттағы 196 адамға 8 миллион 400 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп, көмек көрсетілді. Бізге осындай бейбіт өмір сыйлаған аталарымыздың ерлігіне, батырлығы мен қайсарлығына әрқашан бас иіп, құрмет көрсету парызымыз,–дейді бұл орайда, аудан әкімінің орынбасары Абай Бекбаев.
Қарияларға еңбек ұжымдары, волонтерлар мен белсенді азаматтар да қамқорлық танытуда. Жаумен арпалыста атбасарлықтар ерлігімен елге кеңінен танылды. Ақан Құрманов, Иван Дьяченко, Николай Веденеев, Никита Карацук Кеңес Одағының Батыры жоғары атағын алды. Жалпы, Атбасар жерінен Ұлы Отан соғысына 5795 азамат аттанса, қазір олардың тек үшеуі ғана ортамызда. Сондықтан, жергілікті билік өкілдерінің қазыналы қарттарымызға қолдау танытып, қамқорлыққа алулары өте орынды. Өйткені, ертең бәрі де кеш болуы мүмкін.
Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар