Ұлы Жеңіс – 75

Өнегелі өміріне қызығамын

Ұлы Отан соғысының ардагері Есләм Жүнісұлы Жүнісов 1925 жылы мамыр айының 5-і күні Ақкөл ауданы Сергеевка, қазіргі Өрнек ауылында дүниеге келді. 1940 жылға дейін осы ауылдағы мектепте оқыды.

1942 жылдың жаз айында, соғыс жүріп жатқанда әскер қатарына шақырылып, Самарканд қаласында әскери артиллерия курсында оқыды. Екі айдан кейін Калининград майданына соғысқа жіберіледі. Майданда зеңбірекші болып, өзіде жауынгерлермен бірге ерлік көрсетті. 1943 жылы Великие Луки қаласын неміс-фашист басқыншыларынан азат ету кезінде жараланып, сол себептен сол жылдың қазан айында елге оралды.
1944-1948 жылдары Никольск, Ерназар ауылдарында сельпо бастығының орынбасары болып жұмыс атқарды. 1949-1985 жылдар аралығында Ақкөл орман шаруашылығында үзбей адал қызмет атқарды. Партия мүшелігіне өтіп, ел ішінде сыйлы, жұмысында абыройлы, үлгілі отбасы иесі болды.
1988 жылы қыркүйек айында асқар таудай атамыз дүние салды. Кезінде майдандағы, бейбіт замандағы ерлігі мен ерен еңбегі еленіп, орден-медальдармен марапатталған. Атамыздың жарқын бейнесі, ақыл-парасаты мәңгі жүрегімізде. Көзі тірісінде атамыздың басты мерекесі 9 мамыр – Жеңіс күні болатын. Бүкіл әулетіміз ол кісіні құттықтап, бұл күні ниет-пейілдері атамыздың үстінде болады екен. Майдангер атамды мақтан ететін болдым. Мен де өсе келе, қолыма қару алып, біздің жарқын болашағымызды қорғаған осы атама ұқсағым келеді.
Сұлтан ЕСЛӘМ.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар