Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес карантин кезінде де толастамайды

Мұрат ТӨЛЕУБАЕВ,
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы

Төтенше жағдай бойынша мемлекеттік комиссия отырысында Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің алдын алу шараларын күшейте отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысындағы басымдылықтарды қайта қарауға тапсырыс берді. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті коронавирус инфекциясының тарауына жол бермеу мақсатында карантиндік-шектеу шараларын сақтай отырып, қалыпты тәртіпте жұмысын жалғастыруда. Оған қоса, төтенше жағдай барысында сыбайлас жемқорлықты ескерту бойынша іс-шараларды өткізу онлайн-форматқа ауыстырылды.

Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік желі аудиториясының белсенділігі артқандығы байқалады. Осы тұрғыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет онлайн түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы контенттің тұрақты трансляциясын қарастыратын «Аntikor.live» жобасын жүзеге асыруда. Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі департаменттің ресми парақшасында күн сайын департаменттің, «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, арнайы мониторингтік топтың басшылықтары халыққа елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүзеге асырылатын саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар және тағы басқа ақпараттар бере отырып, тікелей эфирлер жүргізеді.
Сондай-ақ, «Аntikor.live» жобасы аясында «Antikor ortalyǵy» сервистік орталығы алаңында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен сұхбат түрінде жүргізілетін әлеуметтік желілердегі күнделікті тікелей эфирлер барысында қоғам мен мемлекеттің тіршілік өрісіндегі түрлі өзекті мәселелерге түсінік беріледі. Эфирлер барысында азаматтар спикерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлері мен ұсыныстарын қалдыра алады.
Қазіргі уақытта Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындау мәселесі бойынша облыстық әкімшілік полициясы басқармасымен төтенше жағдай тәртібін сақтамағаны үшін жауапкершілік туралы, аумақтық төтенше жағдайлар департаментімен аймақта су тасқынын жою және оған жол бермеу мәселесі бойынша, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге қолдау көрсету бойынша тікелей эфирлер жүргізілді. Жоба аясында басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен барлығы 40-дан астам тікелей эфир ұйымдастырылды.
Волонтер жылы шеңберінде азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңгерлік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айында басталған «Adal kómek» жобасы да төтенше жағдай мерзімінде онлайн-форматта жүзеге асырылуда. Құқықтық көмек алғысы келген кез-келген азамат департаменттің Instagram (anticorruption_aqmola) және Faсebook (anticorruption.aqm.kz) әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасына жеке хабарлама жаза алады. Көмек сұраған әр азаматқа білікті онлайн-кеңес беріледі.
Одан басқа, тегін заңгер кеңесі заң саласының өкілдерімен, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен күн сайын департаменттің аталған парақшаларында тікелей эфирлер жүргізу арқылы жүзеге асырылып, азаматтардың өзекті құқықтық сауалдарына түсінік беріледі. Бір сөзбен айтқанда, тегін заңгерлік кеңесті үйден шықпай алуға болады.
Оған қоса, бұрын облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшылығы күнделікті жеке қабылдау жүргізген болса, төтенше жағдай енгізілуге байланысты департамент азаматтарды онлайн-тәртіпте қабылдайды.
Skype сервисі арқылы ақмолалықтар көкейкесті сауалдары бойынша басшыға тікелей жүгіне алады. Ол үшін жауапты қызметкермен тікелей эфирге шығу мерзімі туралы алдын ала келісіп алса болғаны. Онлайн қабылдау Skype (akmobl@nab.gov.kz) арқылы таспаға жазу және тура байланыс түрінде жүзеге асырылады.
Тұрғындармен тиімді коммуникация құруды жалғастыра отырып, мен және менің бірінші орынбасарым «Ашық диалог» порталында да, департаменттің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында да жүйелі түрде интернет-конференциялар өткізудеміз. Интернет-конференция барысында аймақ тұрғындары өз сауалдарын қойып немесе қандай да бір ұсыныспен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығына тікелей жүгіне алады.
Сонымен қатар, департамент қызметкерлері видеоконференц байланысын қолдану арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының басты бағытын түсіндіру бойынша онлайн-семинарлар, онлайн-дәрістер өткізуде. «Antikor ortalyǵy» сервистік орталығы алаңында онлайн-брифингтер өткіземіз.
Сыбайлас жемқорлық қаупі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг талдауына келер болсақ, департамент қызметкерлері аталған бағытта талдау жұмыстарын жүргізуде. Осылайша мемлекеттік сатып алулар саласындағы сыбайлас жемқорлық қауіпті ескерту мақсатында аймақта «Сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесін қолдану арқылы мемлекеттік сатып алулар мониторингі өткізіледі. Мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік секторлардың сатып алуға жоспарланған тауарларының, жұмыстар мен қызметтерінің көтерілген бағасын төмендету жөнінде біз енгізген ұсыныстардан кейін ағымдағы жылдың басынан бері 22,5 миллион теңге үнемделді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу іс-шараларына қоғамдық сала өкілдерінің де белсенді қатысқандығын атап өту қажет. Мысалы, «Ақмола –адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері аймақтық арнайы мониторингтік топпен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, медицина құралдары бағаларына, жол блок бекеттеріне мониторинг жүргізеді және аталған бағытта басқа да іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп отырады. Жүргізілген талдау БАҚ және әлеуметтік желілерде де жарияланады.
Волонтер жылы шеңберінде биылғы жылдың наурыз айында азаматтық қоғамды, қалың әлеуметті парасаттылықты, әділдікті, адалдықты қалыптастыруға тарту бағытында #АdaldyqJolymen мемлекеттік челлендж іске қосылды. Челленджді Жабал Ерғалиев, Ғосман Төлеғұл, Серік Аяғанов сияқты еңбегі сіңген қайраткерлер және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басқа да өкілдері қолдады.
Сонымен қатар, республика заңнамасына сәйкес қызметтік қажеттілікке байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел-іздестіру жұмыстары карантиндік-шектеу шараларын сақтай отырып, қалыпты түрде жүзеге асырылуда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар