Бала құқығы заңмен қорғалады

Баланың құқықтары «Бала құқықтары» туралы Конвенцияда, Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Бала құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көрініс тапқан. Заң актілерінің көп түрлілігіне қарамастан, олардың барлығы баланың құқықтарын қорғайды, оған мемлекет атынан кепілдік береді. Балалар қоғамның ең құнды капиталы болып табылады.

Дегенмен, біз күн сайын балалар құқығын бұзудың куәсі болып жүрміз. Бала өскен сайын оны қоршаған адамдармен әртүрлі қарым-қатынасқа түседі. Өзінің дамуы, тұлға ретінде қалыптасуы барысында бала өзі әрекет ететін және оны қалыптастыратын әлеуметтік әлемнің құрамдас бөлігіне айналады.
Туған сәтінен бастап бала мемлекеттің қорғауына алынады және отбасында өмір сүру мен тәрбиелену, медициналық қызмет көрсету, білім алу құқығына ие болады.
Мәселен, «Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы балалардың дене бітімі, интеллектуалдық, рухани және адамгершілік дамуына, патриотизм, азаматтық пен бейбітшілік, еңбексүйгіштік қасиеттерге ие болуына жәрдемдесіп, кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастырады.
Балалар мүддесін қорғайтын мемлекеттік саясат мемлекеттік органдар қызметінің басым саласы болып табылады, ол бала құқықтарын заңнамалық қамтамасыз етуді және балаларды толыққанды тәрбиелеуді, олардың құқықтарын қорғауды, оларды қоғамдағы толыққанды өмірге дайындауды қамтамасыз ету үшін отбасын мемлекеттік қолдауына негізделген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді және оларды кемсітуге жол бермейді. Бұл үшін Бала құқықтары кепілдігінің құқықтық негіздері қалыптастырылған және баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тиісті органдар мен ұйымдар құрылған.
Осылайша 2020 жылдың қаңтарынан бастап Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Гүлнар ТАСБОЛАТОВА,
Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар