21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы
Құрметті ақмолалықтар! Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл дәстүрлі мереке 2013 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен белгіленген.
Сіздер – облысымыздың мәдениет қызметкерлері, өңірімізді танытатын кең ауқымды көпшілік шараларда үнемі өздеріңіздің жоғары кәсіби біліктіліктеріңізді көрсетіп жүрсіздер.
Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты сіздер қашықтықтан жұмыс істеуге көшіп, облысымыздың тұрғындарын моральдық жағынан қолдауға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тоқтатқан жоқсыздар.
Абай Құнанбаевтың 175, Әл Фарабидің 1150, Алтын Орда хандығы құрылуының 750 жылдығына және Ұлы Жеңістің 75 жылдығына, басқа да мемлекеттік мерекелерге арналған 1,5 мыңдай онлайн-шаралар өткізілді.
Ақмола облысы еліміздің ірі аграрлық аймағы ғана емес, сондай-ақ, бай мәдениеті мен музыкалық шығармашылық дәстүрі бар іргелі орталығы да болып саналады. Сарыарқаның төрінде мәдениет пен өнер саласын дамытуға елеулі үлес қосқан көптеген айтулы тұлғалар, зиялы қауым өкілдері дүниеге келді және қазақ халқының тарихында өшпес істері мен мол мұраларын қалдырды.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында жыл сайын мәдениет саласын өркендетуге арналған қаржы көлемі көбейіп, ауылдағы мәдениет ошақтары жөнделіп, жаңғыртылуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында мәдениет саласында 1,5 миллиард теңгенің 38 жобасы іске асырылатын болады. Бұл 32 мәдениет нысаны заман талабына сай өзгертіп, шығармашылық ұжымдардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалады деген сөз.
Қадірлі достар, осы кезге дейін көптеген шаруалар атқарылды, бірақ, істелетін жұмыстар одан да көп. Биылғы жылдың қараша айында Қазақстан мен Ресей арасындағы ХVІІ өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізуді жоспарлап отырмыз. Осыған орай, өңіріміздің бай мәдени әлеуеті мен өнерін көрсетіп, паш етуіміз қажет.
Мәдениет және өнер саласының барлық қызметкерлеріне айтарым, бір кезде таңдап алған осы бір ауыр да күрделі мамандықтарыңызға адал болып, оны дамытуға қосып келе жатқан зор үлестеріңіз үшін шын жүректен ризашылығымды қабыл алыңыздар. Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін, елімізді өркендету және өңіріміздің мәдениетін дамыту саласындағы еңбектеріңіз жана берсін.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар