Құрметті ақмолалықтар! Баршаңызды бүгін басталып отырған мұсылман қауымының ұлық мерекесі Ораза айты мейрамымен құттықтаймын! Бір ай бойы шынайы ықылас ниеттеріңізбен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!

Биылғы ораза да, Айт мейрамы да бүкіл әлемді алаңдатып отырған коронавирус індетінің таралуына байланысты жылдағыдан ерекше жағдайда өтіп отыр. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанда карантин жарияланып, төтенше жағдайда өмір сүріп, еңбек етуге тура келді. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының ұйғарымымен мешіттерде тарауық намаздары оқылмады. Енді  мешіттерде айт намазы да оқылмайтын болып ұйғарым жасалып отыр. Мұның барлығы да қатерлі індетті жұқтырып алмау және індеттің жаппай таралып кетуіне жол бермеу үшін жасалған қадам болатын. Осы жағдайға түсіністікпен қараған, сабыр сақтап және өзгелерді де сабырға шақырып отырған баршаңызға ризашылығымды білдіремін!

Ораза айт кешірім жасайтын күндердің мейрамы. Сондықтан да бір-бірімізге кешірімді әрі қайырымды бола отырып, тәуелсіз еліміздің алдында тұрған міндеттерді шешу жолындағы еліміздің ынтымағы мен бірлігін нығайта түсейік.Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, әр шаңырқтың ырысты да дәулетті, бақытты болуын тілеймін!

Ақмола облысының әкімі  Ермек Маржықпаев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар