Блок бекеттер – қауіпсіздік кепілі

Астаналық ауданның ауыл-селоларындағы тұрғындардың тыныс-тіршіліктері қаламен тығыз байланысты екендігі белгілі. Олардың біразы Нұр-Сұлтанда жұмыс істейді, сонда туған-туысқандары бар.

Сондықтан, карантин кезінде Целиноград ауданында адамдардың қауіпсіздігі үшін жедел түрде шектеу шаралары қолға алынған.
Бірінші кезекте адамдардың жүріп-тұруларына тыйым салу үшін Оразақ, Қараөткел, Қоянды, Новоишимка, Приречный ауылдарының маңына блок бекеттер орналастырылған. Ондағы мақсат – жұртшылықтың өз-өздерін қоғамнан оқшаулап, қорқынышты кеселді өзгелерге жұқтырмаудың алдын алу.
Қазір арнайы блок бекеттерде ауданның құқық қорғау және медицина қызметкерлері тәулік бойына кезекшілік атқаруда. Бірақ, мұндай шектеулердің егіс науқанын жүргізіп жатқан ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне еш қатысы жоқ. Олар көктемгі егіске кедергісіз, ұйымшылдықпен кірісіп кеткен.

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар