Жарқайың аудандағы «Темірлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы Қуаныш Ақәділов көктемгі дала жұмыстарының озаты атанып отыр. Ол жастайынан ауыл шаруашылығы саласында еңбек етуді қалап, осыдан 20 жыл бұрын Краснояр селосындағы ауыл шаруашылығы колледжінің механикаландыру бөлімін бітірді. Осы уақыттан бері еңбек етіп келе жатқан озат механизаторлардың бірінен саналады. Осы күні тәжірибелі тракторшы кәсіби шеберлігін өз ісімен дәлелдеуде. Өзіне сеніп тапсырылған «Бюллер» тракторын күтіп ұстағандықтан, техника дала жұмыстарында бір тоқтаған жоқ. Сондай-ақ, техниканың қыр-сырын әбден меңгерген білікті механизатор мол тәжірибесін жастарға үйретуден жалыққан емес.
Суретте: озат механизатор Қуаныш Ақәділов.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар