1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Қымбатты балғындар! Құрметті ата-аналар!
Ғажайып мереке – Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Бала үшін ынтымағы жарасқан берік отбасы ең жақсы бақыт ошағы екені жалпыға белгілі. Сондықтан, мемлекет отбасылардың саулығы және отбасылық құндылықтарды нығайту, ана мен баланы қорғау, балалардың жалғыз қалуы мен бақылаусыздығын жою, балалардың ата-анасымен өз туған үйлерінде тұру құқын қамтамасыз ету тұрғысында бірқатар шараларды іске асыруда. Әсіресе, мүмкіндіктері шектеулі балалар мен ата-аналарының аялы қамқорлығынан тыс қалған балаларға ерекше көңіл бөлініп келеді.
Спортпен айналысуға және білім алуға барлық жағдайлар жасалуда. Осы мақсатта балалардың спорт алаңдары, сауықтыру орталықтары салынып, мектептер мен бала бақшалар, қосымша білім беру ұйымдары ашылуда.
Биылғы жылы біздің облысымызда «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламаларының шеңберінде 2,5 мың орындық 6 мектеп, Көкшетау қаласында 1320 орындық мектептерге қосымша корпустар және Шортанды ауданының Төңкеріс ауылында 140 орындық балабақша пайдалануға берілетін болады. Жыл аяғына дейін «Болашақ» сарайының құрылысы аяқталмақшы.
Барлығы аймағымызда 14,6 миллиард теңгенің сомасына 136 білім нысаны салынады және жөндеуден өткізіледі.
Балалар әрқашан шынайылылық пен әділеттіліктің, барлық жақсыға сену мен үміт артудың нышаны болып келді. Сендер адамзаттың болашағысыңдар, ал, біз, ересектер сендердің бейбіт жағдайда және еш алаңсыз өсіп, тәрбиеленулерің үшін барлық қолдан келген барлық жағдайды жасауға тиіспіз.
Біз қазір қызықты уақытта өмір сүрудеміз. Сендермен бірге бақытты және болашағы зор Қазақстан қоғамын құратынымызға сенім мол.
Сендердің төбелеріңнен әрдайым көк аспан жарқырап, бейбіт күн өз нұрын құя берсін. Осы бір мереке сендерге шаттық, қуаныш пен думан сыйласын, ал, үлкендерге сендердің алдарыңдағы жауапкершілікті терең сезіндіретін болсын. Сіздердің баршаңызға және жақын туыстарыңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, жақсылық пен ынтымақ-береке тілеймін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар