ҰБТ кезінде ата-аналарға балаларын сыртта күтуге болмайды

ҰБТ тапсыру уақытында ата-аналардың өз балаларын сынақ пункітінің алдында күтуіне тыйым салынады. Бұл жөнінде үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

–Ата-аналарға және түлектерді алып жүруші басқа тұлғаларға балаларды ҰБТ өткізу пункттерінде күтуге болмайды. Ата-аналарға ҰБТ өту барысын сол жерге келмей-ақ, үйінде отырып көру үшін онлайн көрсетілім ұйымдастырылады. ҰБТ өткізу пункттері тосқауыл таспаларымен жабдықталады. Пункттерге кіру тәртібінде тест тапсырушылар арасында 2 метр әлеуметтік қашықтықтың сақталуы қамтамасыз етіледі. Бұл 2 метр арақашықтық ҰБТ тапсыратын аудитория ішінде де сақталады, – деді министр.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, коронавирустың таралу қаупін азайтуға арналған қосымша тағы 5 сақтық шарасы қолданылады. Мәселен, ең алдымен тест тапсырушылар зарарсыздандыру туннельдерінен өткізіледі, одан кейін аяқ киімдерін арнайы зарарсыздандыру кілемшелеріне сүртіп, өңдейді, үшіншіден, еден де санитайзерлермен зарарсыздандырылады, төртіншіден, әр талапкердің дене қызуы өлшенеді, соңғы кезекте – бір жолғы қолданылатын жаңа маскалар беріледі. Жалпы, бас санитарлық дәрігермен келісілген қатаң санитарлық талаптар барлық жерде сақталуы тиіс.

 

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар