Жақсы ауданында мазут тасымалдайтын бензовоз өртенді

Жақсы ауданы аумағында мазут тасымалдайтын бензовоз көлігі аударылып, түгі қалмастан жанып кетті.

Ақмола облыстық ТЖД келтірген деректерге қарағанда, жол апаты бүгін сағат 14:57  «Алматы-Екатеринбор» тас жолының бойында, Жақсы кентінен 12 шақырым жерде орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, HOVO көлігі техникалық ақауларға байланысты жолдың шетіндегі жыраға аударылған. Салдырынан көлікке тиелген 40 текше метр цистернадан мазут ағып, артынша өрт шыққан. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 13 қызметкер және 3 арнайы техникасы, «Жақсы су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының өрт сөндіру құрылымы жұмылдырылып, өртті ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар