Бурабай ауданына қарасты Абылай хан ауылындағы «Есіл-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 4300 гектарға өнгіштігі жоғары қатты сұрыпты бидай себуді ойдағыдай аяқтап шықты. Осы серіктестіктің басшысы Қайыр Мұқышев егіншілік саласын дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Қазір серіктестік диқандары егістікті химиялық өңдеу және өсімдік зиянкестеріне қарсы агротехникалық шараларды жүргізуге кірісіп кетті.
Суретте: «Есіл-Агро» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының басқарушы директоры Қайыр Мұқышев.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар