5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

Жыл сайын 5 маусым күні атап өтілетін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні Жер планетасының әрбір тұрғынын бейжай қалдырмауы қажет. Біріккен Ұлттар Ұйымының тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін мерекенің мақсаты – қоршаған ортаның айтулы проблемаларына әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және адамзат баласының қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту болып табылады. Аталған күн аясында адамдардың таза және қауіпсіз ортада өмір сүруі қамтамасыз етілуі тиіс. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылдың маусымында қоршаған орта проблемалары жөніндегі Стокгольм конференциясының қарарына сәйкес бекітілді.
Қоршаған ортаға зиян тигізетін де, айналаны қорғайтын да, керісінше оны көріктендіретін де – адамдар болып табылады. Шындығын айту керек, «нашар экология» деген сөз тіркесі қазір қалыпты сөз қолданысына айналып келеді және бұл тіркеске ешкім таң қалмайтын болған. Дүние жүзінің басқа елдеріндегі сияқты, біздің елімізде, әсіресе, үлкен қалаларда қоршаған ортадағы ең үлкен проблема – қоқыс, ағаштардың кесілуі, ауаның, өзендердің ластануы болып отыр.
Біздің елімізде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні – көшедегі шеру, велосипедшілер шеруі, «жасыл» концерттер, мектептерде шығармалар мен плакаттар байқауы, ағаш отырғызу, сондай-ақ, қалдықты қайта өңдеуге тапсыру және аумақты тазарту тәрізді қызықты шаралар арқылы атап өтілуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар