Құттықтау

Құттықтау

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар! Қымбатты жерлестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын айта келе, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаев: «Мемлекеттік рәміздер – біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің бұлжымас негіздерінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті, біріктіретін образын білдіреді», – деді.
Расында, мемлекеттік рәміздеріміз еліміздің саясаты негізделген құндылықтарды көрсетеді. Олар – бірлік, татулық, адалдық пен еркіндік.
Ту, Елтаңба және Гимн қазақстандық патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті, тарихымызға, мемлекеттік тілімізге, мәдениетіміз бен дәстүрімізге терең құрметті қалыптастыру көзіне айналды.
Күн мен қалықтаған қыран бейнеленген Көк ту және орталық элементінде елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ үйі мен Отанының белгісі ретінде шаңырақ бейнеленген Елтаңба тығыз топтасқандықтың бейнелік нышанын айғақтайды.
Мемлекеттік рәміздер бізді еліміздің тарихындағы ең маңызды сәттер – ұлттық мерекелерден бастап спорттық жеңістерге дейін біріктіреді.
Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанның Туы жоғары көтерілген сәтте біздің жүректерімізді еліміз үшін, біздің Тәуелсіздігіміздің арқасында қол жеткізген табыстарымыз үшін мақтаныш сезімі билейді!» – деді.
Осы мереке күні сіздерге бақыт, ашық аспан, береке-бірлік тілеймін! Біздің Отанымыз – Қазақстан гүлдене берсін! Тәуелсіздік туы жоғары желбірей берсін!

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *