Байқау

«Мемлекеттік тіл – менің тілім!»

Осындай тақырыпта Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімінің клубында басқа ұлт өкілдерін құрайтын әскери қызметшілер арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында байқау болып өтті.

«Сарыарқа» күйінің әуенімен бөлім клубының шымылдығын ашқан ефрейтор Бейсенбек Мейрамбек пен ефрейтор Абрашитов Айбектің сәлемдесуінен соң, жедел мақсаттағы батальонның сарбаздар триосы «Ассалаумағалейкүм» әнімен іс-шараның шымылдығын ашты.
Байқау аясында қатысушылар мемлекеттік тілдің маңыздылығына тоқтала отырып, мақал-мәтел жаттау, сөз жарысы, театрландырылған қойылым көрсету, өлең оқу, ән шырқау, ресми құжаттарды қазақ тілінде жүргізу және сұрақтарға жауап беру сынды кезеңдер бо-
йынша өзара бәсекеге түсті.
Байқауға 6 әскери қызметші қатысты. Қазылар алқасының төрағасы болып бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор Ұлықбек Тұрсынбайұлы, комиссия мүшелері болып тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесінің бастығы майор Данияр Тоқтаров, кинология қызметінің бастығы капитан Нұрсұлтан Сариев, штабтың маманы, аудармашы Құралай Есләмова, аға маман, сержант Әлия Малкина қазылық етті. Осы сайыстың өткен жылдардағы сайыстан ерекшелігі – жеке орналасқан бөлімшелер: Саумалкөл селосындағы 3 атқыштар ротасының және Атбасар қаласындағы 4 атқыштар ротасының қатысушылары онлайн режимінде «Skype» әлеуметтік желісі арқылы қатысты.
Сайыстың үздік жеңімпазы болып 94 ұпаймен материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасы байланыс взводының аға сарбазы, сержант Ольга Жуланова танылса, екінші орынды 75 ұпай санымен жеңіп алған жедел мақсаттағы батальонның жауынгерлік қамтамасыз ету взводының әскери жасақ бастығы, ефрейтор Михаил Калабардин мемлекеттік тілді білу деңгейінің осал еместігін көрсетті. 3 атқыштар ротасының маманы, ефрейтор Владимир Лысаков пен 4 атқыштар ротасының аға маманы, ефрейтор Иван Костецкийдің ұпайлары тең шығып, 67 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. 2 атқыштар ротасының технигі, кіші сержант Андрей Лебединский 64 ұпай алса, 1 атқыштар ротасының аға маманы, сержант Алексей Соловьев 62 ұпай алды. Байқау-сайыстың жеңімпазы сержант О.Жуланова шілде айында өткізілетін «Орталық» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің жеңімпаздары арасындағы байқау-сайыстың 2 кезеңіне жолдама алды. Көрермен көзайымына айналған сайыс жеңімпаздарын сайыстың қорытындысы бойынша бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор Ұлықбек Қараев І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапаттады. Сайыс кезеңдері арасында көрермендердің құлақ құрышын қандыратын тамаша әндер орындалып, тыңдарман қауымның рухани жан дүниесін байытты.
Заманның жаңғыруына байланысты және заманауи талаптарға сай өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде сөйлеуі –олардың елімізде жүргізіліп жатқан тіл саясатын дұрыс түсініп, еліміздің өркендеуіне қосар белгілі бір үлесі. Бұл, әрине, көпті қуантары сөзсіз!
Бауыржан НҰРҒАЛИЕВ,
лейтенант.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар