Билер кеңесінің рөлі күшейіп келеді

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров және облыстық Билер кеңесінің мүшелері аудандық Билер кеңесінің төрағаларымен онлайн конференция өткізді. Конференцияда Билер кеңесінің қызметі мен оның «Татуластыру: сотқа дейін, сотта» атты Жоғарғы Соттың жобасын жүзеге асырудағы рөлі жан-жақты талқыланды.

Конференция жұмысына облыстық соттың сот алқаларының төрағалары С.Ғабдулин мен Р.Даминов, облыстық Билер кеңесінің төрағасы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш.Әлиев, Билер кеңесінің мүшелері – облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Төлеғұл және «Ақмола-«Тіршілік» ЖШС-нің директоры Ж.Ерғалиев, облыстың аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, судьялар, қалалық және аудандық Билер кеңестерінің төрағалары қатысты.
Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асановтың қазақстандықтарға үндеуінде сотқа дейінгі татуластыру институтын белсенді қолдануға шақырғанын атап өтті. «Билер кеңесінің қатысуымен сотқа дейінгі татуластыру – бұл халық арасындағы даулылықты азайтудың ең тиімді тәсілі. Татуластыру – даудың ең оңтайлы шешілуі болған және бола береді. Сотқа дейінгі және сотта татуластыру – бұл ұтылғандық емес, одан екі тарап та ұтып шығады» – деген Д.Әміров Жоғары Сот Төрағасының сөздерін дәйектей келе, қоғам үшін татуластырудың маңыздылығы туралы жан-жақты айтып берді.
Облыстық соттың төрағасы Билер кеңесінің қызметін және медиация институтын дамытудың тиімділігін арттыру үшін оған отставкадағы судьяларды тартуды ұсынды және аудандық соттардың төрағаларына өңірлерде азаматтық даулардың санаттарын тұрақты түрде талдап отыруды және тиісті құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды.
Облыстық сот төрағасы Бұланды, Қорғалжын, Шортанды, Біржан сал аудандық соттары төрағаларының татулас-тыру рәсімдері бағытындағы жұмыстарына оң баға беріп, басқа соттарға олардың тәжірибесін қабылдауды ұсынды.
Конференцияда Билер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев және Билер кеңесінің мүшелері Жабал Ерғалиев пен Ғосман Төлеғұл сөз сөйлеп, қоғамда дұрыс отбасылық тәрбие мен ұрпақтар сабақтастығын орнатудағы Билер кеңесінің маңызды рөлі туралы айтты.
Сонымен қатар, сөз сөйлеушілер аудандық Билер кеңестеріне жергілікті дауларды шешуге облыстық кеңестің мүшелерін шақыртып, қазақ халқының билері тарихында болғандай, облыстық Билер кеңесінің ақыл-кеңестеріне көңіл бөлуді ұсынды. Сонымен қатар, ұйымшылдық пен қызметте тәртіпке шақыратын Билер кеңесінің атрибутикасын жасау туралы да ұсыныс айтылды.
Облыстық сот төрағасы Досжан Әміров конференция жұмысын қорытындылай келе, аудандық соттардың төрағаларына сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды.

Қ.КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар