Бақылау не көрсетті?

Карантин жеңілдетілгеннен бері Қопа көлін жағалай отырған әуесқой балықшылардың қарасы көбейген. Осы орайда, оларға балық аулау кезінде судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері рейд ұйымдастырды.

Рейд барысында 25 балықшыға ескерту беріліп, олармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кейбір тұрғындар карантин жарияланғанына қарамастан, жағалауға балық ауламаққа балаларын да ертіп барып жүр. Құтқарушылар олардың әрқайсысымен жеке-жеке сөйлесіп, әрбіріне қауіпсіздік шаралары туралы ескертті.
Сонымен қатар, департаменттің құтқарушылары облыстық табиғатты қорғау прокуратурасы, Ақмола аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясымен бірлесіп, уылдырық шашу кезеңіне байланысты браконьерлерден балық қорларын қорғау бойынша Қопа көлінде бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізді.
Осы рейд барысында аталған ұйымдардың инспекторлары су айдынының түбінен тыйым салынған ұзындығы 50 метр-ден тұратын (балық аулауға арналған) бес синтетикалық браконьерлік ауды тауып, судан алып шықты. Рейд аяқталғаннан кейін, комиссиялық түрде аталған аулар тоғанның жағасында жағылды.
Аталмыш іс-шаралардың басты мақсаты – көктем мен жаз мезгілінде облыс су айдындарында балық аулаушыларға судағы төтенше жағдайлар туралы ескерту және алдын алу, сондай-ақ, балық қорларын браконьерлерден қорғау болып табылады.
Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар