Індеттен балаларды сақтандыра білгеніміз абзал

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы саяси бюросы кеңесінің отырысы болып өтті.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың төрағалығымен өткен кеңес отырысына бюро мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары мен БАҚ өкілдері және ZOMM бейне-жүйесі арқылы аудандық партия төрағаларының бірінші орынбасарлары қатысты.
Кеңесте «Елде төтенше жағдай мен карантин шараларының енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарысқа қарсы шаралар бойынша алға қойған міндеттері мен ұсыныстарын мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік субъектілердің, үкіметтік емес ұйымдардың орындауын қамтамасыз ету жөніндегі Көкшетау қалалық партия ұйымының жұмысы туралы» қала әкімі, партияның қалалық филиалы төрағасы Амангелді Смайылов пен Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов баяндама жасады. Одан әрі «Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдер туризмі және дем алу қауымдастығы» партиялық комиссиясының отбасылық мәселелер, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі аймақтық кураторы Қайрат Сұлтанов, Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов, облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина, облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Алексей Советовтің «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жазғы демалыс уақытында Ақмола облысында балалардың
демалысын ұйымдастыру мен оларды сауықтыруды қамтамасыз ету туралы баяндамалары тыңдалды.
Жалпы, Ақмола облысының аумағында 1994 жылға дейін 64 балалар сауықтыру орталығы тіркелген болса, бүгінде содан барлығы 34 лагерь ғана қалған. Өткен жылы олардың тек жиырмасы ғана жұмыс істеген. Негізінен, жеке лагерьлер жұмысын жалғастыра алмағаны байқалады. Ал, жалпы, биылғы жазда Қайрат Сұлтановтың мәлімдеуінше, Ақмола облысында 20 балалар сауықтыру орталығы жұмыс істейді деп күтілуде. Олардың 13-і мемлекет меншігінде. Карантин режимін алып тастаған жағдайда, шамамен 116 мың оқушыны демалыспен қамту жоспарланып отыр. Саяси бюро кеңесінің отырысы барысында баяндамашылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, соңында тиісті шешімдер қабылданды.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажары» газетінің өз тілшісі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар