Көкшетауда ауырып, дәрігерге жүгінген 69 жастағы кейуанадан коронавирус табылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 1 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бұл жолы коронавирус Көкшетау қаласының тұрғынынан табылған.

«1951 жылғы зейнеткер өзі бойында вирустың айқын белгілерін байқап, дәрігерлерге жүгінген. Енді ол Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің станционарында емделеді» дейді ведомстводан.

Ақмола облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері атап өткендей, науқастың үй ошағында эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынуда. Науқастармен байланыста болған адамдарды анықтау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ, дезинфекция жасалды.

Айта кетейік, Ақмола облысында коронавирус жұқтырудың 177 жағдайы тіркелген болса, Көкшетау қаласында 5 адамда індет бар.

Облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған өңірлердің арасында Көкшетау қаласы, Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Егіндікөл, Ерейментау, Есіл, Қорғалжын және Шортанды аудандары бар.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/kokshetauda-auyryp-darigerge-zhugingen-69-zhastagy-keyuanadan-koronavirus-tabyldy_a3659515

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар