«Белсенді ұзақ өмір» жобасы жүзеге асырылуда

Ақмола облысында аға буын адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған «Белсенді ұзақ өмір» ұлттық жоспарының жобасы талқылауда, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Іс-шаралар жоспарының аясында жер-жерде белсенді ұзақ өмір орталықтарының ашылуы жоспарланып отыр. Орталық ойын-сауық мекеме болып табылады, мұнда егде адамдар ағылшын тілін оқып, үйрене алады, компьютерлік сауаттылық курстарын өтіп, емдік дене шынықтырумен айналыса алады, нәтижесінде егде жастағы адамдар қоғамға белсенді түрде тартылады және олардың психологиялық-эмоциональдық жағдайлары түзеледі. Әзірше бұндай орталықтар еліміздің тек бірнеше қаласында ғана жұмыс істеп жатыр.
Ақмола облысында 2017 жылдан бастап зейнеткерлерге арналған «Өмір» отбасылық тәрбие клубы өз ісін жалғастыруда.
–Біз 20 адамнан бастадық, бірақ, спортпен айналысқысы келетіндердің саны үнемі өсуде. Өткен жылы қатарымызда 200-ге жуық қарт адам болды, бірақ ниет білдірушілер саны жылдан жылға артып келеді, – дейді «Өмір» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Юлия Сарсекеева.
–Біздің орталықта қарт адамдарға әр түрлі қызметтер мен демалыс түрлерін ұсынады. Бұл – дәрігерлердің кеңестері, массаж, ине шаншу, психологтармен әңгімелесу, тағы сол сияқты шаралар. Өмірлік тонус пен денсаулықты сақтау үшін бассейн мен йога бар. Өкінішке орай, қазіргі уақытта біздің клубқа бару карантиндік іс-шараларға байланысты шектелген. Бірақ, жақын арада сабақтар жаңартылып, біз тағы да бірнеше қызықты идеяларды жүзеге асыра аламыз деп үміттенеміз.
Отбасылық тәрбие клубында қарт адамдар қолөнер, музыка және бимен айналыса алады, дәрісханаларға, қазақ және ағылшын тілдері сабақтарына, театр үйірмесіне қатыса алады. Олар үшін мұражайларға, театрларға, көрмелерге, киноға баруды ұйымдастырады, мерекелер өткізеді. Сонымен қатар, аға буын адамдарын мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді смартфондарда пайдалануға үйретеді. Барлық қызметтер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде зейнеткерлерге тегін көрсетіледі.
Қартаю мәселелері жөніндегі сарапшылар бүкіл еліміз бойынша Белсенді ұзақ өмір орталықтарының көптеп ашылуын қажетті және уақтылы шара деп айтады. Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының өкілдері де орталықтарды ашудың өзектілігі туралы айтып отыр.
Егде адамдар төтенше жағдай кезінде ең осал буын болып табылады. Оңаша жағдайда өмір сүру, әрине, егде адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сондықтан егде адамдарды қолдау қоғамның басты қағидаларының бірі болуы керек.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар