Президент

12 маусымында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі болып өткен-ді. Бұл бір жыл Қазақстан үшін аса күрделі де сындарлы кезеңдерге тап келді. Әсіресе, әлемді жайлап отырған коронавирус індетінің таралуы дүниежүзі мемлекеттерінің әлеуметтік және экономикалық жағдайларын қиындата түсті. Бұл індет біздің елімізді де айналып өтпеді. Міне, осы жағдайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев батыл әрі дұрыс шешім қабылдай білді. Соның нәтижесінде елімізде халыққа, бизнес пен агроөнеркәсіп салаларына, экономиканың өзге де бөліктеріне мемлекет тарапынан нақтылы қолдау мен көмектер көрсетілуінің нәтижесінде жағдай тұрақтала түсті. Қазір қоғамды демократияландыру және заңның үстемдігін қамтамасыз ету бағыттары бойынша келелі жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде: –Халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі – біздің ең басты құндылығымыз. Осы құндылықты көздің қарашығындай сақтау – баршамызға ортақ парыз. Сондықтан, Президент ретінде халқымызға мынаны айтқым келеді: Еліміздің әр азаматының мүддесін қорғау – менің басты мақсатым. Оларды саяси көзқарастары мен ұстанымдарына қарай бөлуге жол бермеймін! Түрлі саяси және қоғам қайраткерлерінен келіп түскен құнды ұсыныстарды, бастамаларды мен өз жұмысымда міндетті түрде ескеремін. Ашық және әділ жұмыс істейміз. Біз үшін ең маңызды міндет – заңға сай адал қызмет ету. Біздің бір ғана Отанымыз бар! Тағдырымыз – бір! Біз халқымыздың жарқын болашағы үшін бәріміз бірге еңбек етеміз, – деді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар