Кейбір өзгерістер бар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеме жасап, жұқпалы індетпен ауырған науқастармен байланыста болған адамдарға қатысты ереже өзгергенін айтты.

Бас санитарлық дәрігер мамырдың соңында қол қойылған №37-ші қаулыға қатысты шетелден әуе рейстері арқылы келген азаматтардың, еліміздің шекарасынан 5 күннен кешікпей өтуіне берілген коронавирусқа қарсы ПЦР-тест нәтижесі теріс болса, бұл адамдар 14 күнге үй карантиніне оқшауланатынын жеткізді. Бірақ, олар коронавирусқа тексерілуі үшін екі күндік карантиндік стационарға жатқызылмайды. Екіншіден, жоспарлы медициналық қызмет көрсету жұмыстары қайта басталған. Оған өздерінің рұқсаты берілген. Үшіншіден, науқастармен байланыста болған адамдарға қатысты ереже өзгерді. Бұрын науқастармен байланыста болғандарды тұтас қарастыратын болса, қазір жақын және ықтималды байланыста болғандар деп бөлінеді. Жақын байланыстағылар – бұл науқастың жанында 15 минутқа дейін 1,5 метрден аз қашықтықта болғандар. Ал, ықтималды байланыстағылар науқастың жанында 15 минуттан аса уақыт 1,5 метрден ұзақ қашықтықта болғандар. Бұған дейін жақын байланыста болған азаматтар ПЦР тестен өтуге міндеттеліп, карантиндік стационарға жатқызылатын еді, қазір бұл әдіс өзгерген. Олар тестілеуден анықталған кезде және карантиннен шыққан кезде өтеді. Осы орайда, оларға егер үйде жатуға жағдай болса, карантиндік стационарда емес, үйде жатуға мүмкіндік беріледі. Тек ол адамдар 14 күн бойы үйде болатыны туралы қолхат жазып беруі қажет екен. Ал, ықтималды байланыстағыларға қатысты айтар болсақ, олар тестілеуден өткізіледі. Бұрын олар өздерінің тұрғылықты жері бойынша 14 күн бойы үй карантинінде оқшауланса, қазіргі таңда бұл талап етілмейді. Тек олар денсаулығында қандай да бір ауру белгісі байқалса, медициналық мекемеге жүгінуге келетіні туралы қолхат жазып береді. Олар үй карантиніне жатқызылмайды. Бұл адамдар емін-еркін жүре алады, тек денсаулықтарын қадағалап отыруға міндетті.
Қазіргі таңда ол адамдар инфекциялық стационарда 3 тәулікке дейін ем қабылдап, өздерін жақсы сезінсе, онда үй карантиніне жіберіліп, қоңырау шалу немесе бейнеқоңырау жасау арқылы бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметкерлерінің үнемі бақылауында болады. Сонымен қатар, тестілеу әдісінде де өзгеріс бар. Себебі, тестілеуден өтуі керек адамдардың саны мен жағдайға байланыс-ты тест жасау контингенті үнемі өзгеріп отырады. Елімізде профилактикалық тестілеу 13 сәуірден бастап жүйелі түрде өткізіліп келеді.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар