Өрттен бір бала опат болды

Өрттен бір бала опат болды

Көкшетау қаласында маусымның 13-інен 14-іне қараған түні жеке үйден өрт шығып, үш бүлдіршін ауруханаға жатқызылды. Осы оқиға туралы Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Манарбек Шапағатов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жан-жақты баяндап берді.

– Маусымның 13-і күні кешкі сағат 22.38-де өрт сөндіру қызметінің жедел әрекет ету орталығына Сарыарқа ықшам ауданындағы 14/3 үйден өрт шықты деген хабарлама келіп түсті. Біздің құтқару тобымыз  оқиға орнына дереу жетіп, тілсіз жауды ауыздықтады. Өрт салдарынан зардап шеккен 2012, 2014 және 2016 жылы туған үш бүлдіршін көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда өрттің себеп-салдары анықталуда. Тергеу органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, – дей келе, Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Манарбек Шапағатов облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, балаларды үйде жалғыз қалдырмауға және табиғат – Маусымның 13-і күні кешкі сағат 22.38-де өрт сөндіру қызметінің жедел әрекет ету орталығына Сарыарқа ықшам ауданындағы 14/3 үйден өрт шықты деген хабарлама келіп түсті. Біздің құтқару тобымыз  оқиға орнына дереу жетіп, тілсіз жауды ауыздықтады. Өрт салдарынан зардап шеккен 2012, 2014 және 2016 жылы туған үш бүлдіршін көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда өрттің себеп-салдары анықталуда. Тергеу органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, – дей келе, Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Манарбек Шапағатов облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, балаларды үйде жалғыз қалдырмауға және табиғат аясында дем алғанда барынша мұқият болуға шақырды. Сонымен қатар, брифингте өткен демалыс күндері облыс аумағында қатты желдің салдарынан өрт қаупі күшейгені атап өтілді. Бурабай, Ақкөл және Сандықтау аудандарында үш орман өрті орын алған. Ерейментау, Ақкөл аудандарында шабындық шөп жанған. Өртке кінәлі бір тұлға анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Елена Иванова брифингте сөз алып, қазір өздерінде жатқан екі бүлдіршіннің жағдайы туралы айтып берді. Бас дәрігер денелерінің сексен пайызын күйік шалған қос бүлдіршіннің жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. – Бізге түскенде балалардың біреуінің халі өте нашар болатын.  Клиникалық өлім жағдайында келген төрт жасар бүлдіршінде тыныс алу, жүрек соғысы байқалмады. Дәрігерлердің жедел араласуына қарамастан, бала қайтыс болды. Екі баланың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келген шаралардың бәрін жасап жатырмыз. Екеуіне де өкпені жасанды тыныстандыру аппаратын қостық. Олар жан сақтау бөлімшесінде жатыр, – деген Елена Иванова балалардың бүйректері қатты зақымданғанын, пневмонит, гастрит секілді аурулар асқынғанын айтты.    Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,«Арқа ажарының» өз тілшісі. Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *