Ел ағасына – құрмет

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Болат Сүлейменұлы Жанәділовті сексен жасқа толуына орай құттықтау рәсімін өткізді.

–Сіз біздің еліміздің мақтанышы әрі ақыл-парасатыңызбен елге адал қызмет етудің үлігісін көрсетіп жүрген белгілі тұлғасыз,– деді өз құттықтау сөзінде Е.Б.Маржықпаев. Расында да, сексеннің сеңгіріне шығып отырған Болат Жанәділов өмірдің үлкен жолынан өткен адам. Қатардағы дәрігерден басталған еңбек жолы облыстық аурухананың бас дәрігері, облыс әкімінің орынбасары, Жоғарғы кеңестің ХХІІ-ші шақырылым депутаты жолына ұласты. Қашан болсын жастарға ақылшы, елге қамқор, жібі түзу адамның бірегейі Болат Сүлейменұлы жайлы көптеген жақсы пікірлер әрдайым айтылып келеді.
Мерейтой иесіне облыс әкімі Е.Б.Маржықпаев қазақы салт бойынша иығына шапан жауып, сый-сияпат көрсетті. Бұдан кейін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев, облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, кезінде Сенат депутаты болған Серік Аяғанов және жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жеңіс Ілиясов құттықтап ізгі тілектерін арнады.
Шара соңында Болат Сүлейменұлы сөз алып, облыс әкіміне және қалың еліне ризашылығын білдірді. Тәуелсіз Қазақстанның өркендеу жолында еңбек етіп жатқан азаматтарға шынайы тілектестігін айтты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар