Қашықтан оқыту әлемдік тәжірибеде бар

Елімізде қолға алынған қашықтан білім беруге көшу – коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқанын барлығы түсінеді. Өйткені, бүгінгі күні оқушыларды қашықтан оқытуда бұдан басқа таңдау жоқ. Білім және ғылыми министрлігі атап өткендей, біздің елімізде де карантиндік шектеулерге қарамастан оқу үрдісі тоқтатылмауы тиіс. Мұндай тәжірибе әлемнің көптеген елдерінде бар. Іс жүзінде дүниежүзі бойынша 870 миллионнан астам оқушы осындай форматта білім алуда. Барлық мүмкіндіктерді, аспектілер мен тәуекелдерді жан-жақты ой елегінен өткізе отырып, қазақстандық оқушылар да уақытша қашықтан оқып оқу жылын аяқтады.
Қашықтықтан оқыту әдісіне тоқталатын болсам, бұл білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын үрдіс.
Біздің елімізде қашықтан оқыту «Balapan» (қазақ тілінде) мен «Ел арна» (орыс тілінде) телеарнасында жүзеге асырылуда. Сабақ аптасына бес күн өтеді, әр пәнге 30 минут уақыт беріледі. Теле-сабақ барысында Назарбаев зияткерлік мектептерінің, республикалық, халықаралық және жеке мектептердің үздік ұстаздары еліміздің барлық балаларына сабақ беруде. Мұнымен қоса, телеарнадағы сабақ министрлік бекіткен жоспар бойынша бірнеше білім ресурстарында (Bilimland, Daryn online) жалғасуда. Сонымен қатар, мұғалім мен оқушы Kundelik.kz, zoom, Google classroom, sabak.kz платформасында онлайн кездесіп, білімін пысықтайды.
Өзім жұмыс істейтін Ақкөл орта мектебінің ұстаздары қашықтан оқудың осы әдістерін пайдалануда. Бастапқыда үйренгеше ұстаздарға да, оқушыларға да қиындау болды. Қазір біршама меңгеріп алды. Қашықтан оқу мұғалім мен оқушыға анағұрлым көп еркіндік береді.
Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмысты сөзжұмбақтар, шарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы – біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады деп есептеймін.
Аягөз УӘЛИХАНҚЫЗЫ,
Ақкөл орта мектебі география пәнінің мұғалімі, «Моё призвание – педагог!» республикалық эссе байқауының жеңімпазы.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар