Жерлесіміз халықаралық байқаудың жүлдегері атанды 

Щучинск қаласындағы №9 мектеп-гимназиясының 11-ші сынып оқушысы Мәрзия Бекболатова 6-шы халықаралық “Жас ғалым” байқауында үшінші орын алды.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, мұндай байқау қазақстанның интеллектуалдық элитасын қалыптастыруға, сондай-ақ, талантты оқушыларды іріктеп, оларды қолдауға ықпал етеді.
Оңтүстік Корея елінде ұйымдастырылған байқау зерттеу жұмыстарын қорғау орыс және ағылшын тілінде 5 секция бойынша өтті. Онда “21-ші ғасырдағы тіл, мәдениет және құқық: тану сатысы” секциясында “Адам болмысын Абайша таны!” тақырыбында еңбегін ұсынған жерлесіміз Мәрзия Бекболатова жүлделі үшінші орынды иеленді.
Аслан ОСПАНОВ,
“Арқа ажарының” өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар