Ақыл-ой күшімен аурудан айығуға бола ма?..

Бүгінде емі жоқ дерттер қатары көбейіп барады. Мәселен, қант диабеті деген ауру ешқашан жазылмайды екен, оны тек дәрінің көмегімен аздап әлсіретуге, сөйтіп адамның өмір жасын  ұзартуға ғана болады. Сондай-ақ, обыр аталып жүрген рак, жүрек-қантамыр аурулары өмірде жиі кездесетін және жыл сайын мыңдаған адамның өмірін жалмап жатқан жазылмас дерттер. Осындай дерттерден түбегейлі жазылуға бола ма?

Қазір әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Секрет» фильмінің бір кейіпкерінің бастан кешкен оқиғасына назар аударып көрелік. Қол-аяғы балғадай орта жастағы әлгі кісі жекеменшік  ұшағымен ұшып келе жатып, апатқа ұшырайды. Жерге құлаған ұшақтан аман қалғанымен, ауруханаға  аса ауыр халде жеткізіледі.
– Омыртқама зақым келгендіктен, аяқ-қолым қозғалмай қалды. Көптеген сүйектерім сынып, мыйым шайқалған. Төсекке таңылған мен тек кірпігімді ғана қимылдатуға шамам келетін. Тіпті, өздігімнен демала алмайтындықтан, жасанды демалыс аппаратына қосып қойды, – деп есіне алады ол.
Дәрігерлер осындай ауыр халде ауруханаға түскен жігіттің өмір бойы төсекке таңылатын мүгедек болатынынан шүбәсіз сенген еді. Кірпігі ғана қимылдайтын әлгі адамның бір құдыретті қаруы болды – ол санасы еді. Иә, ол ойланып, толғана алатын. Міне, сол мүмкіндікті пайдаланған әлгі азамат күндіз-түні «мен ауруымнан толық айығып, жарты жылда өз аяғыммен ауруханадан шығатын боламын» дегенді ойлаумен болды.
Ол мұндай ойдан тек ұйықтаған кезінде ғана арылып, басқа уақытта бір ғана нәрсені – ауруынан жазылып, өз аяғымен ауруханадан шығатынын ойлаумен күндерін өткізеді. Қызығы сол, арада бір жеті өткенде оны жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратады. Өйткені, енді ол аппарастыз өз бетімен тыныс ала алатын болды. Таңғаларлық жағдай онан әрі жалғаса берді. Көп ұзамай омыртқасына зақым келген ауру аяқ-қолын сезініп, тіпті ептеп қимылдата бастады. Осылайша арада жарты жыл өткенде дәрігерлерді таң-тамаша қалдырып, ол ауруханадан өз аяғымен сыртқа шықты.
– Мен ауруымнан жазылған кезде дүниеге екінші рет келгендей сезіндім. Ақыл-ойдың алмайтын асуы, орындамайтын арман-тілегі болмайды екен. Осыған көзім жетті, – дейді дертті жеңген жігіт.
Ақыл-ой адамдардың бәріне тән қасиет. Кванттық физика деп аталатын ғылым саласының дамумен қатар, ақыл-ойдың материалдық қуат екендігі анықталды. Иә, қуат болғанда нағыз құдыретті қуат, атом энергиясынан мыңдаған, тіпті миллиондаған есе күшті қуат болып шықты. Дегенмен, бойымыздағы осындай құдыретті қуатты біз ұсақ-түйек нәрселерге, өсек-аяң айтып, болмас жайларды ойлауға, нәпсімізге қызмет етуге жұмсап рәсуа қылып жатамыз. Және бір олқылығы, адамдардың ақыл-ойы шашыраңқы, еш бақылаусыз бетімен жүрген жосықсыз қуат болып табылады.
Міне, сол әрнәрсені ойлап, жан-жаққа жөңкитін ақыл-ойымызды бір нысанға бағыттап, яғни, аурудан арылу жайын ойласақ, онда ақыл-ой қуаты арқылы кез-келген дертті жеңуге болады екен. Бұны дәлелдейтін жоғарыда айтқандай мысалдар бүгінде өте көп  кездеседі. Бізге қалғаны соған сеніп, ақыл-ойымызды аурудан арылуға пайдалану ғана.
Қазір медицинада қолданылып жүрген еш пайдасы да, залалы да жоқ дәрі бар. Міне, сол дәріні дәрігер ауруға «осы дәріні ішсең жазыласың» деп жазып береді екен. Бағасы онша қымбат тұрмайтын әлгі дәріні ішкен науқас шындығында көп ұзамай дертінен айығады. Бүгінде бұл «дәрі» медицинада жиі қолданылады. Яғни, медицинаның өзі адамдардың ақыл-ой құдыретін мойындап отырған түрі бар.
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар