Жер бос жатпай, мемлекетке пайда әкелуі тиіс

Ақмола облысының аумағында өткен жылы анықталған пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер көлемі 1,5 миллион гектар алқапты құрады.

Биылғы жылдың 11 маусымындағы жағдай бойынша аудандық әкімдіктер 971 мың гектардан астам жерді айналымға тартуды растайды, оның 208,1 мың гектары егістік алқап, 745,4 мың гектары жайылым жер. Сөйтіп, облыс бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі 528,7 мың гектар қолданыстағы жер заңнамасына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді анықтау жер қатынастары саласында заңмен қарастырылған аудандар мен қалалардың уәкілетті органдарының тікелей міндеті болып табылады. Алайда, жергілікті жерлерде пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және оларды мемлекет қорына қайтару немесе айналымға тарту жұмыстары жеткіліксіз жүргізілуде.
Қолданыстағы мораторий жағдайында тексеру жүргізу мүмкін емес. Дегенмен, жер қатынастары органдары жер пайдаланушылармен түсіндіру жұмыстарын жандандыруы тиіс. Бос жер табыс әкелмейтіні сөзсіз. Сондай-ақ, ұқыпсыз жер де оны пайдаланушыларды шығынға батырады. 2018 жылдан бастап мұндай учаскелерге салық мөлшерлемесі он есеге артып, облыс бюджетіне 156,5 миллион теңге салық төленді. Сондай-ақ, жерді пайдалану мониторингісін мораторийді бұзбай-ақ жүргізуге болады. Әңгіме жерді қашықтықтан зондтау-ды қолдануда болып отыр. Осылайша жергілікті атқарушы органдар пайдаланылмайтын жерлердің мониторингісін қызметтердің веб-порталы арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2019 жылдың 3 шілдесіндегі бұйрығымен бекітілген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингісін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес, Ақмола облысы Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану мониторингісін жүргізу бойынша пилоттық өңірлердің бірі болып анықталды. Жоғарыда көрсетілген ережелерді орындау мақсатында бүгінгі күні облыстың барлық жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарымен өткізілген мемлекеттік сатып алу нәтижелері бо-йынша «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы веб-порталға кіру мүмкіндігін ұсыну бойынша келісім-шарттар жасады. Сөйтіп, аудандардың жергілікті атқарушы органдары анықталған пайдаланылмайтын жерлер үшін пилоттық режимде мониторинг нәтижелері бойынша субъектілерге 1722,9 мың гектар жайылымдық алқапта жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану қажеттілігі туралы 934 хабарлама жіберді. Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасуда.
Ерғали ШОРИН,
Ақмола облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар